User's Guide
ID жапсырмаларын табу
Ақауларды жоюда көмектесу үшін әрбір жұмыс бекетінде идентификация жапсырмалары қол жетімді.
●
Барлық жұмыс бекеттерінің сериялық нөмірі (әр жұмыс бекетінің өзінің) және өнім нөмірі болады.
Қолдау қызметіне қоңырау шалғанда осы нөмірлерді алдын-ала дайындап қойыңыз.
●
Рұқсат сертификаты (COA) Windows 7 алдын ала орнатылған жүйесінде ғана қолданылады.
●
Төлтума Microsoft белгісі (GML) Windows 8 алдын ала орнатылған жүйесінде ғана қолданылады.
●
Қызмет жапсырмасы жұмыс тақтасын жөндеуге қажетті орнатылған ID және функция бит жолдарын
көрсетеді
.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс бекетіңіз осы бөлімдегі суреттен аздап өзгеше болуы мүмкін.
Кепілдік туралы ақпаратты табу
Кепілдік туралы ақпаратты http://www.hp.com/support/warranty-lookuptool веб-сайтынан қараңыз.
Жабдықталған күтім жинағын http://www.hp.com/go/lookuptool веб-сайтынан қараңыз.
Өнімінің стандартты кепілдігінің мерзімін ұзарту туралы ақпаратты мына жерден қараңыз:
http://www.hp.com/hps/carepack. HP күтім жинағының қызметтері өнімнің стандартты кепілідігінің
мерзімін ұзартатын және аясын кеңейтетін жаңартылған қызметтер деңгейін ұсынады.
HP ақаулықтарды жою көздері мен құралдары
Бұл бөлім жүйеңіздің ақауларын жою бойынша нұсқаулар берітін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Онлайн қолдау
Онлайн қолдау деректерінің құрамына веб-сайт негізіндегі ақаулық жою құралдары, техникалық білім
дереккөздері, драйвер мен патч жүктеулері, желі қауымдастықтары және өнім өзгеруін хабарландыру
қызметтері кіреді.
Келесі веб-тораптарды да қолдануыңызға болады:
58 10-тарау Диагностика және жеңіл ақаулықтарды жою