User's Guide
Пайдалы кеңестер
Жұмыс бекеті, монитор немесе бағдарлама ақаулығы орын алса, төменде берілген жалпы кеңестер
пайдалы болуы мүмкін.
Бастағанда
●
Жұмыс бекетінің жұмыс істеп тұрған айнымалы ток көзіне қосылғанын тексеріңіз.
●
Жұмыс бекетін қосар алдында оптикалық дискілер мен USB драйвтарын алып тастаңыз.
●
Жұмыс бекеті мен қуат шамы қосулы екенін тексеріңіз.
●
Егер өндіруші орнатқаннан амалдық жүйеден басқа амалдық жүйе орнатсаңыз,
http://www.hp.com/go/quickspecs мекенжайына өтіп, оның осы жүйеде қолдау көрсетілгенін
тексеріңіз.
●
Ішкі дисплей панелінің жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
●
Ішкі дисплей панелі көмескі болса, жарық деңгейін күшейтіңіз.
●
Сыртқы мониторыңыз болса:
—
Монитордың жұмыс істеп тұрған айнымалы ток көзіне қосылғанын тексеріңіз.
—
Монитор қосулы екенін және жасыл монитор шамының жанып тұрғанын тексеріңіз.
—
Монитор көмескі болса, жарық және контраст деңгейін күшейтіңіз.
Жұмыс барысында
●
Жұмыс бекетіндегі сигналдар мен жыпықтайтын шамдар мәселені анықтауға көмектесетін қате
кодтары болып табылады. Бұл кодтарды түсіндіру туралы қосымша ақпарат алу үшін жұмыс
бекетіңізге арналған Maintenance and Service Guide (Техникалық қызмет көрсету және қызмет
көрсету нұсқаулығы) тарауының Диагностикалық диод пен есіту (сигналдар) кодтары бөлімін
қараңыз.
●
Кез келген пернені басып тұрыңыз. Егер жүйе дыбыстық сигнал берсе, пернетақтаның дұрыс жұмыс
істеп тұрғаны.
●
Кабельдердің дұрыс жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
●
Пернетақтадағы кез-келген пернені немесе қуат түймесін басу арқылы компьютерді оятыңыз. Егер
жүйе кідіріс режимінде қалса, қуат түймесін кемінде төрт секунд басып тұрып, жүйені өшіріңіз.
Содан кейін, жүйені іске қосу үшін қуат түймесін қайта басыңыз.
Егер жүйе өшпесе, қуат сымын ажыратып, бірнеше секунд күтіп, оны қайта қосыңыз. Жүйе қайта
іске қосылмаса, қуат пернесін басыңыз.
●
PnP басқа кеңейту тақтасын немесе басқа опцияны (дискет жетегі сияқты) орнатқаннан кейін жұмыс
бекетін қайта іске қосыңыз.
●
Барлық қажетті құрылғы драйверлерінің орнатылғанына көз жеткізіңіз. Мысалы, егер сіз принтер
орнатсаңыз, принтер драйвын орнату қажет.
●
Егер желіде жұмыс істеп жатсаңыз, жұмыс бекетіңізді желі қосылымына жалғау үшін басқа кабельді
пайдаланыңыз. Сонда да қосылу мүмкін болмаса, желі айырына қатысты ақаулық болуы мүмкін.
●
Егер жақында жаңа жабдық қоссаңыз, жабдықты ажыратып, жұмыс бекетінің жұмысын тексеріңіз.
●
Егер жақында жаңа бағдарла орнатсаңыз, бағдарламаны алып, жұмыс бекетінің жұмысын тексеріңіз.
HP ақаулықтарды жою көздері мен құралдары 61