User's Guide

11 Күнделікті күтім
Жалпы тазалау туралы қауіпсіздік ескертулері
Ұсынылған тазалау өнімдері
3D шассиін тазалау
Пернетақтаны тазалау
Мониторды тазалау
Тінтуірді тазалау
Жалпы тазалау туралы қауіпсіздік ескертулері
Жұмыс бекетін тазалау үшін еріткіштер мен тез жалындайтын сұйықтарды қолданбаңыз.
Бөлшектерін суға немесе тазалайтын ерітіндіге салмаңыз; таза матаға алдымен сұйықты шашып
алып, сүртуге болады.
Пернетақта, тінтуір немесе желдеткіштерін тазалау үшін жұмыс бекетін қуат көзінен ажыратыңыз.
Пернетақтаны тазалар алдында суырып тастаңыз. Пернетақтада қосу/өшіру құрылғысы болса,
пернетақтаны ажыратудан бұрын өшіріңіз.
Ықшамдалған ауаны қолданғанда, көзіңіз шаң мен қоқыс кірмес үшін, бүйірлік қалқандармен бірге
жабдықталған қауіпсіздік көзілдірігін қолданыңыз.
Ұсынылған тазалау өнімдері
Жұмыс бекетін қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы, әдетте әртүрлі компаниялар шығарған
бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде
Әйнек жуатын спиртсіз сұйықтық
Аздаған сабын ерітіндісі бар су
Құрғақ микроталшықты шүберек немесе күдері (майсыз статикалық қуаты жоқ шүберек)
Статикалық қуаты жоқ сүрткіштер
ЕСКЕРТУ: Жұмыс бекетін бүлдіретін күшті тазалағыш ерітінділерді қолданбаңыз. Егер
тазалағыш өнімнің жұмыс бекетіне қауіпсіздігін анық білмесеңіз, өнімнің құрамындағы заттардың
тізімін тексеріп, ингредиенттер арасында спирт, ацетон, аммоний хлориді немесе метил хлоридінің
болмауын қадағалаңыз.
Қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар жұмыс бекетін сызаттауы мүмкін. Уақыт өткенде, кір
және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Жалпы тазалау туралы қауіпсіздік ескертулері 63