User's Guide
3D шассиін тазалау
●
Жұмыс бекетін тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Maintenance and Service Guide (Күтім және
қызметтер нұсқаулығындағы) қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
●
Дақтары мен кірін кетіру үшін түксіз мата мен таза су қолданыңыз.
●
Дақтар кетпесе, аздап ыдыс жуатын сұйықтықтықпен сабындалған жұмсақ микроталшықты
шүберек немесе күдерімен сүртіп алыңыз. Үстінен таза сумен дымқылданған матамен сүртіп
алыңыз.
●
Тазалап болған соң, жұмыс бекетін әрқашан таза, түксіз матамен сүртіп алыңыз.
●
Анда-санда жұмыс бекетінің желдеткіштерін тазалап алыңыз. Жүн, шаң және басқа бөтен заттар
желдеткішті бөгеп, ауа жүрісін шектеуі мүмкін.
Пернетақтаны тазалау
●
Пернетақтаны тазалар алдында суырып тастаңыз. Пернетақтада қосу/өшіру құрылғысы болса,
пернетақтаны ажыратудан бұрын өшіріңіз.
●
Перентақтаны тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Maintenance and Service Guide (Күтім және
қызметтер нұсқаулығындағы) қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
●
Пернелер астындағы немесе арасындағы жарқыншақтарды шаң сорғышпен немесе қағып түсіруге
болады.
●
Пернелер астындағы жарқыншақтарды тығыздалған ауамен де тазалауға болады. Абайлап
қолданыңыз, себебі ауа ағыны кең пернелер астындағы майларды ала кетуі мүмкін.
●
Егер пернені алсаңыз, пернені бүлдіріп алмас үшін, арнаулы перне алатын құралды қолданыңыз. Бұл
құралды көптеген электрондық жабдықтар сататын дүкендерден табуға болады.
ЕСКЕРТУ: Пернетақтадан кең пернелерді (бос орын пернесі сияқты) алмаңыз. Егер бұл пернелер
дұрыс алынбаса немесе орнатылмаса, пернетақта дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
●
Перненің астын осы нұсқаулықтың Ұсынылған тазалау өнімдері (63-бет) бөлімінде көрсетілген
өнімдердің бірімен суланған щеткамен тазалаңыз. Перне жұмысына қажетті майларды қоса сүртіп
тастамаңыз. Бөлшектерін орнына құрғатып салыңыз.
●
Қуыстарындағы шаң мен жүнді алу үшін қысқыш қолданыңыз.
Мониторды тазалау
●
Мониторды тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Maintenance and Service Guide (Күтім және
қызметтер нұсқаулығындағы) қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
●
Дисплейді жұмсақ, түскіз жоқ, спиртсіз әйнек тазалау сұйығымен дымқылданған шүберекпен
абайлап сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Шашқыштар мен аэрозольді экранға тікелей шашпаңыз—сұйық ішіне еніп кетсе,
бөлшектерін бүлдіруі мүмкін.
Еріткіштер немесе тез жалындайтын сұйықтарды мониторды тазалауға қолданбаңыз, дисплейі мен
ішкі бөлшектерін бүлдіруі мүмкін.
64 11-тарау Күнделікті күтім