User's Guide
Тінтуірді тазалау
1. Тінтуірді тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Maintenance and Service Guide (Күтім және
қызметтер нұсқаулығындағы) қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
2. Тінтуір қосылып тұрса, суырыңыз.
3. Тінтуірді спиртсіз әйнек тазалау сұйығымен немесе сабынды сумен дымқылданған жұмсақ
микроталшықты шүберекпен немесе күдерімен сүртіңіз.
4. Мына нұсқауларды ескеріңіз:
●
Лазері немесе шамы болса: тазалайтын сұйықпен ылғалданған мақталы таяқшаны қолданып,
лазер мен шамның айналасындағы шаңды сүртіп алыңыз да соңынан құрғақ мақталы
таяқшамен тағы бір рет сүртіңіз. Лазер мен шамын тікелей таяқшамен сүртпеңіз.
●
Айналдыратын дөңгелегі: құтыдағы тығыздалған ауаны дөңгелек қуыстарына шашып,
түймелерін басыңыз. Конденсация мүмкіндігінің алдын алу үшін, ауаны бір жерге ұзақ уақыт
үрлемеңіз.
●
Айналдыратын допшасы: допшасын алып тазалаңыз, ұяшығындағы шаңды сүртіп алыңыз да,
құрғақ матамен тағы бір рет сүртіңіз, одан кейін тінтуірдің бөлшектерін орнына салыңыз.
Тінтуірді тазалау 65