User Guide - Windows 10

Бөлік Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз
құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түспен жанып тұрады.
(2) Қуат шамы
Қосулы: компьютер қосулы.
Жыпылықтау: Компьютер қуатты үнемдейтін
«Ұйқы» күйінде. Компьютер дисплейдің және
басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын
өшіреді.
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын
қуатты үнемдеу күйі.
(3) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
Ақ: Батарея заряды 90% асады.
Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
(4) Диск шамы
Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск
пайдаланылуда.
Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті
уақытша өшіріп қояды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы
ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалану (55-бет) бөлімінен
қараңыз.
(5) Үндеткіштер Дыбыс шығарады.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің түбінде, батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын
есіктің астында немесе дисплейдің артында.
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы
мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады.
Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Жапсырмалар 15