User Guide - Windows 10

MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу
және оларға қосылу
MultiStream Transport (MST) компьютердегі VGA немесе Дисплей порттарына, әрі сыртқы хабтағы
немесе сыртқы қондырма станциясындағы VGA немесе Дисплей порттарына жалғап, бірнеше сымды
дисплей құрылғыларын компьютерге жалғау мүмкіндігін береді. Компьютерде орнатылған
графикалық контроллер түріне немесе компьютерде орнатылған хабтың болуына қарай, байланысты
бірнеше жолмен орнатуға болады. Компьютерде қандай аппараттық құралдар орнатылғанын көру
үшін Құрылғы басқарушысы бөліміне өтіңіз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар
басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын
таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Дисплейлерді компьютерлерге AMD немесе Nvidia графикалық картасы (қосымша хабы
бар) арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: AMD сызбалық контроллері және қосымша хаб көмегімен ең көп 6-ке дейін сыртқы
дисплей құрылғысын қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Nvidia сызбалық реттегішімен және қосымша хабпен ең көп 4 дисплей құрылғысын қосуға
болады.
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі
DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз.
3. Қосылған дисплей құрылғыларының барлығын көру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер
устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Қосылған дисплейлердің
барлығын көрмесеңіз, әр құрылғының концентратордағы тиісті портқа қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бірнеше дисплей құрылғысының нұсқалары барлық қосылған дисплейлердегі
компьютер экраны айнасын беретін Дублировать (Көшірмелеу) немесе компьютер экранын
барлық қосылған дисплейлерге жаятын Расширитьеңейту) опциясын қамтиды.
Дисплейлерді Intel graphics (қосымша хабты) арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: Intel сызбалық реттегішімен және қосымша хабпен ең көп 3 дисплей құрылғысын қосуға
болады.
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі
DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз.
3. Windows монитордың DP желі торабына қосылғанын анықтағанда, DisplayPort Topology
Хабарландыру тілқатысу терезесі көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті
опцияларын басыңыз. Бірнеше дисплей нұсқалары барлық қосылған дисплей
құрылғыларындағы экран кескінін кеңейтетін Duplicate (Қайталау) немесе компьютер экранын
барлық қосылған дисплей құрылғыларына жаятын Extendеңейту) мәндерін қамтиды.
32 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері