User Guide - Windows 7
Пернетақтаны пайдалану
Пернетақта және тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге және бірдей функцияларды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пернетақта әрекеттер пернелері мен жылдам пернелердің арнайы
функцияларын орындауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелер тіркесімдерін анықтау (тек таңдаулы өнімдерде)
Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің біреуінің
тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+f1 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің басқа
бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
fn+f3 Пернетақта жарықтандырғышын қосады және сөндіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтаның артқы жарығы зауытта іске қосылады. Батарея қызмет мерзімін арттыру
үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, монитор
компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты
арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын басқа
құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
26 4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау










