User Guide - Windows 7

Дискіні тазалау құралын қосу үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы құралдар)
> Служебные (Қызметтік бағдарламалар) > Очистка диска (Диск тазалау) тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек
сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмысына қайтарады.
ЕСКЕРТПЕ: Қатты күйдегі дискінің құрамында қозғалатын бөлшектер болмағандықтан, оны HP 3D
DriveGuard арқылы қорғаудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D
DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғысына орнатылған немесе USB портына
қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы және (немесе) қосымша қатты диск
ұясындағы (тек таңдаулы өнімдерде) дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын көрсету үшін түсті
өзгертеді. Дискінің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз позицияға
орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы белгішені басыңыз.
RAID пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
RAID технологиясы компьютерде екі немесе одан да көп қатты дискіні бір уақытта қатар қолдануға
мүмкіндік береді. RAID технологиясы көмегімен аппараттық немесе бағдарламалық құрал
параметрлері арқылы бірнеше дискілер біртұтас диск ретінде қолданылады. Егер бірнеше диск
біртұтас диск ретінде жұмыс істейтіндей етіп орнатылған болса, олар RAID мөлшері деп аталады.
Қосымша ақпаратты НР веб-торабында қараңыз. Соңғы ашылған пайдаланушы нұсқаулығын ашу
үшін, http://www.hp.com/support мекенжайы бойынша сілтемені ашып, еліңізді таңдаңыз. Драйверы и
загрузки (Драйверлер мен жүктеулер) тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
54 8-тарау Дискілер