User's Guide

Сол жақ
Кесте 2-2 Сол жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(2) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB порты
USB құрылғысын жалғайды, деректер беруді қамтамасыз
етеді және компьютер өшірулі болса да, ұялы телефон,
камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты
өнімдердің көбісін зарядтайды.
(3) RJ-45 (желі) ұясы/күй индикаторлары Желілік кабелді қосады.
Ақ: желі қосылған.
Сары: желіде әрекет орын алуда.
(4) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB Type-C SuperSpeed порты
Type-C ұясы бар USB құрылғысын жалғайды, жоғары
жылдамдықпен деректер беруді қамтамасыз етеді және
компьютер өшірулі болса да, ұялы телефон, камера,
белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты өнімдерді
зарядтайды.
– және –
DisplayPort шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB Type-
C ұясы бар дисплей құрылғысын жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(5) Жад карталарын оқу құрылғы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад карталарын оқу құрылғысына енгізіп,
нық отырғанша, үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Картаны басып, оны жад карталарын оқу
құрылғысынан алып тастаңыз.
(6) Диск индикаторы Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
6 2-тарау Компьютермен танысу