User's Guide

Арнайы пернелер
Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) esc перне fn пернесімен бірге басылған кезде, жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(2) fn перне Басқа пернемен бірге басылған кезде, белгілі бір
функцияларды орындайды.
(3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау)
мәзірі жабылады.
(4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Әрекеттер пернелері (12-бет) бөлімін қараңыз.
(5) num lock пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және
сандар функциясын атқарады.
(6) Кірістірілген сандық пернетақта Әріптік пернетақтаның оң жағында орналасқан бөлек
пернетақта. num lock пернесі басылған кезде, пернетақтаны
сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Өшірілген компьютерде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда
қалпына келеді.
HP OMEN Command Center (HP OMEN пәрмендер орталығы)
HP OMEN Command Center (HP OMEN пәрмендер орталығы) арнайы ойын қажеттілігіңізге сай
компьютерді реттеуге мүмкіндік береді.
HP OMEN Command Center бағдарламалық құралын ашу үшін Пускастау) түймешігін басып, HP
OMEN Command Center (OMEN пәрмендер орталығы) бағдарламалық құралын таңдаңыз және
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP OMEN Command Center бағдарламалық құралының басқару тақтасы мына мүмкіндіктерді ашуға
және олардың параметрлерін реттеуге арналған орынды береді:
Пернетақта аймағы 11