User's Guide
Үш саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
Әдепкі бойынша үш саусақпен түрту Cortana құралын (дыбыстық пәрмен арқылы іске қосылатын
виртуалды көмекшіні) ашады. Қимылды орындау үшін сенсорлы тақта аймағында үш саусақпен
түртіңіз.
Бұл қимылдың дәл сенсорлы тақтадағы функциясын өзгерту үшін Пуск (Бастау), Параметры
(Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) тармағын
таңдаңыз. Жесты тремя пальцами (Үш саусақ қимылдары) бөліміндегі Касания (Түрту) терезесінде
қимыл параметрін таңдаңыз.
Төрт саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
Әдепкі бойынша төрт саусақпен түрту қимылы әрекеттер орталығын ашады. Қимылды орындау үшін
сенсорлы тақтада төрт саусақпен түртіңіз.
Бұл қимылдың дәл сенсорлы тақтадағы функциясын өзгерту үшін Пуск (Бастау), Параметры
(Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) тармағын
таңдаңыз. Жесты четырьмя пальцами (Төрт саусақ қимылдары) бөліміндегі Касания (Түрту)
терезесінде қимыл параметрін таңдаңыз.
Үш саусақпен сырғыту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
Әдепкі бойынша үш саусақпен сырғыту ашық қолданбалар мен жұмыс үстелі арасында ауыстырады.
● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
● Ашық тұрған терезелер арасында ауысу үшін 3 саусағыңызды сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
30 5-тарау Экранда шарлау