User's Guide
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления (Басқару
тақтасы) опциясын, одан кейін Оформление и персонализация (Безендіру және даралау)
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения (Ажыратымдылықты теңшеу) параметрін
таңдаңыз.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу
және оларға қосылу
MultiStream Transport (MST) компьютердегі VGA немесе Дисплей порттарына, әрі сыртқы хабтағы
немесе сыртқы қондырма станциясындағы VGA немесе Дисплей порттарына жалғап, бірнеше сымды
дисплей құрылғыларын компьютерге жалғау мүмкіндігін береді. Компьютерде орнатылған
графикалық контроллер түріне немесе компьютерде орнатылған хабтың болуына қарай, байланысты
бірнеше жолмен орнатуға болады. Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру
Құрылғылар басқарушысы бөлімін қараңыз.
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар
басқарушысы
) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын
таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Дисплейлерді компьютерлерге AMD графикалық картасы (қосымша хабы бар) арқылы
қосу
ЕСКЕРТПЕ: AMD сызбалық контроллері және қосымша хаб көмегімен ең көп 3-ке дейін сыртқы
дисплей құрылғысын қосуға болады.
34 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері