User's Guide

6 Қуатты басқару
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі
термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады.
Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен
компьютерді өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB (Әмбебап тізбекті шина) портына қосылмаған сыртқы аппараттық құрылғыны қосқан кезде
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows өшіру
пәрменін қолдану болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болғанда (тек таңдаулы өнімдерде), жұмысты
аяқтамас бұрын, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқы немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы
ұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедурасын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басыңыз. Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, одан кейін
Завершение работыұмысты аяқтау) параметрін таңдаңыз.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Қуат түймешігін кемінде 15 секунд басып тұрыңыз.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады.
Компьютер үлгісіне және айнымалы ток адаптеріне байланысты Жылдам зарядтау мүмкіндігі келесі
әдістердің біреуіне сәйкес жұмыс істейді:
Батарея зарядының деңгейі нөл мен 50% аралығында қалғанда, батарея толық
сыйымдылығының 50%-на дейін 30 минуттан аспайтын уақыт ішінде зарядталады.
Батарея зарядының деңгейі нөл мен 90% аралығында қалғанда, батарея толық
сыйымдылығының 90%-на дейін 90 минуттан аспайтын уақыт ішінде зарядталады.
Компьютерді өшіру (сөндіру) 37