User's Guide

3. Қорғалатын қатты дискіні таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
4. Enable DriveLock (DriveLock құралын қосу) пәрменін таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
5. Ескерту хабарын мұқият оқып шығыңыз.
6. DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату және DriveLock мүмкіндігін қосу үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
7. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз.
DriveLock құралын ажырату
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға
шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен
бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын,
DriveLock/Automatic DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock) опциясын таңдаңыз, одан кейін
enter пернесін басыңыз.
3. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Disable DriveLock (DriveLock құралын ажырату) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
5. DriveLock бағдарламалық құралын өшіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
6. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану 53