User's Guide
DriveLock құпия сөзін өзгерту
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Қуат түймешігін басыңыз.
3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп
жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін
басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын,
DriveLock/Automatic DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock) опциясын таңдаңыз, одан кейін
enter пернесін басыңыз.
5. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Өзгертілетін DriveLock құпия сөзін өзгертіңіз, одан кейін құпия сөздерді енгізуге арналған
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Change DriveLock Master Password (DriveLock құралының негізгі құпия сөзін өзгерту)
опциясы DriveLock негізгі құпия сөзі DriveLock құралының құпия сөзін 3-қадамда енгізу сұралған
кезде енгізілгенде ғана көрінеді.
7. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы
өнімдерде)
Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде
Microsoft Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге
болады.
Windows Hello мүмкіндігінің параметрлерін орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер) пәрменін және Учетные записи
(Есептік жазбалар) параметрін таңдаңыз, одан кейін Параметры входа (Кіру параметрлері)
пәрменін таңдаңыз.
2. Құпия сөзді және сандық PIN кодын қосу үшін Windows Hello ішінде экрандағы нұсқауларды
орындаңыз, одан кейін саусағыңыздың ізін немесе бетіңіздің сәйкестендіру нөмірін қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: PIN кодының ұзындығы шектелмейді, бірақ оның құрамында тек сандар болуы
керек. Әріптер немесе ерекше таңбаларды пайдалануға болмайды.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер
вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 55