User's Guide
HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
HP Client Security бағдарламалық құралы компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Осы
бағдарламалық құралға тапсырмалар тақтасының немесе Windows басқару тақтасының оң жақ
шетіндегі HP Client Security белгішесі арқылы қатынасуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері
компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты
HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану
HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға
мүмкіндік беретін бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP Touchpoint
Manager зиян бағдарламалар мен басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа
қабілеттілігін бақылайды және тұтынушыларға түпкі пайдаланушының құрылғысы мен қауіпсіздік
мәселелерін шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді. Тұтынушыларға бағдарламалық
құралды жылдам жүктеп орнатуға болады, бұл өзіндік стандартты шешімдермен салыстырғанда
қаржы тарапынан тиімді екен. Қосымша ақпаратты http://www.hptouchpointmanager.com бөлімінен
қараңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Қауіпсіздік кабелі (бөлек сатылады) сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. Қауіпсіздік кабелін
компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client Security бағдарламасының Credential
Manager құралы тіркеуіңіз қажет. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне
жүгініңіз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-тораптарда және
бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау және жазу үшін, HP Client Security
бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор:
●
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
●
Пернетақтаның оң жағында
●
Дисплейдің үстіңгі оң жағында
●
Дисплейдің сол жағында
HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) 57