Equipment reference manual
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған барлық жапсырмалар тұғырдың астында болады
немесе компьютердің астына бекітіледі.
1. Microsoft® аутентификация қуәлігі жапсырмасы (Windows 8 нұсқасынан бұрын шыққан таңдаулы
үлгілерде) – Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе
ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Windows 8 немесе Windows 8.1 нұсқасы алдын ала
орнатылған HP платформаларында жапсырма жабыстырылмаған, бірақ оларға сандық өнім кілті
электрондық түрде орнатылған.
ЕСКЕРТПЕ: НР бекітілген қалпына келтіру әдістері арқылы Windows 8 немесе Windows 8.1
нұсқасын қайта орнату кезінде, бұл
сандық өнім кілті Microsoft амалдық жүйесі арқылы
автоматты түрде танылады және белсендіріледі.
2. Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы
мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
Бөлік
(1) Сериялық нөмір
14 1-тарау Өнім мүмкіндіктері