Equipment reference manual

1. Компьютерді және компьютерге қосылатын дисплейді өшіріңіз.
2. Компьютердің артқы портының қақпағын алыңыз.
3. Дисплейдің DisplayPort жалғағышы болса, DisplayPort кабелін тікелей компьютердің артындағы
DisplayPort жалғағышы мен дисплейдің жалғағышы арасында жалғаңыз.
4. Дисплейдің DisplayPort жалғағышы болмаса, DisplayPort бейне адаптерін компьютердің
DisplayPort жалғағышына жалғаңыз. Одан кейін кабельді (VGA, DVI. немесе HDMI,
қолданысыңызға байланысты) адаптер мен дисплей арасында жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DisplayPort адаптері қолданылғанда, егер адаптермен
жалғау үшін ұзартқыш
кабель қолданылмаса, артқы порт қақпағы жабылмайды.
5. Компьютердегі артқы порт қақпағын ауыстырыңыз.
6. Компьютер мен дисплейді қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дисплейді компьютер дисплейінің айна бейнесі немесе жалғасы болатындай реттеу үшін
график карта бағдарламасын немесе Windows дисплей реттеулерін қолданыңыз.
Кабельдерді ажырату
1. Компьютердің артында кабель құлпы орнатылған болса, алып тастауға болады.
2. Компьютерді жұмсақ және жазық беткейге бетін төмен қаратып орналастырыңыз. HP жақтауы
мен экранды сызып немесе басқаша бүлдіріп алмас үшін жұмсақ мата немесе сүлгі салуға кеңес
береді.
3. Егер артқы порттың қақпағы орнатылған болса, қақпақты алып тастаңыз.
4. Кабельдерді порттардан ажыратыңыз.
Артқы порт қақпағын алу және орнату
Артқы порт қақпағын алу
1. Компьютерді жұмсақ және жазық беткейге бетін төмен қаратып орналастырыңыз. HP жақтауы
мен экранды сызып немесе басқаша бүлдіріп алмас үшін жұмсақ мата немесе сүлгі салуға кеңес
береді.
Артқы порт қақпағын алу және орнату 25