Equipment reference manual

2. Компьютердің жоғарғы оң және төменді сол жағынан ұстап, төменгі сол жақ бұрышын
компьютер кітаптық көрініске келтірілмейінше төмендетіңіз.
Кітаптық көріністен альбомдық көрініске өзгерту үшін:
1. Саңылау қалдыру үшін компьютерді ең жоғарғы орынға көтеріңіз.
2. Компьютердің жоғарғы сол және төменді оң жағынан ұстап, төменгі оң жақ бұрышын компьютер
альбомдық көрініске келтірілмейінше төмендетіңіз.
Сүйеніш тұғырын реттеу
Бұл реттелетін тұғыр компьютеріңізді ыңғайлы көз деңгейіне орнату үшін оны 10 градустан 70
градусқа дейін еңкейту мүмкіндігін береді.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің аударылуына жол бермеу үшін сүйенішті реттеу кезінде компьютерді
тұрақты ұстап тұрыңыз.
Компьютердің бүйірлерінен ұстап, тұғырды ашу және еңісті арттыру үшін компьютердің үстіңгі жағын
төмен қарай басыңыз. Тұғырды ішкі кіргізу және еңісті кішірейту үшін компьютердің төбесін көтеріңіз.
30 2-тарау Орнату