Equipment reference manual
3 Жабдықтарды жөндеу және жаңарту
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын,
сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоғы соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нәтижесінде болатын жеке
жарақаттар қаупінің алдын алу үшін:
Айнымалы ток қуат сымын розеткадан айырып, ішкі бөлшектерін ұстамас бұрын олардың сууына
мүмкіндік беріңіз.
Телекоммуникациялар мен телефон жалғағыштарын желі
интерфейсінің бақылау (NIC) розеткаларына
қоспаңыз.
Айнымалы ток қуат сымының 3 істікті тіркеу ашасын өшірмеңіз. 3 істікті тіркеу ашасы маңызды
қауіпсіздік мүмкіндігі болып табылады.
Айнымалы ток қуат сымының ашасын барлық уақытта оңай қол жетімді жерге қосылған айнымалы
ток розеткасына қосыңыз.
Қауіпсіздікті сақтау үшін айнымалы ток қуат сымдарының немесе кабельдерінің үстіне ештеңе
қоймаңыз. Оларды ешкім кездейсоқ баспайтындай
немесе оларға сүрінбейтіндей етіп
орналастырыңыз. Сымнан немесе кабельден ұстап тартпаңыз. Айнымалы ток розеткасынан
ажыратқанда сымды ашасынан ұстаңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін болдырмау үшін Қауіпсіздік және жұмыс ыңғайлылығы нұсқаулығын
оқыңыз. Онда дұрыс жұмыс станциясы, орнату, дұрыс қалыпты сақтау және компьютер
пайдаланушылары үшін денсаулықты сақтау мен дұрыс жұмыс істеу ережелері сипатталған, сонымен
қатар, электр және
механикалық қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген. Бұл нұсқаулық
http://www.hp.com/ergo веб-торабында орналасқан.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Шкаптарда, кітап сөрелерінде, сөрелерде, үстелдерде, динамиктерде, жәшіктерде
немесе арбашаларда дұрыс орналастырылмаған компьютерлер құлап, жарақат алуға себеп болуы
мүмкін.
Компьютерге қосылатын барлық сымдарды және кабельдерді өткізгенде, оларды тартылмайтын,
ілінбейтін немесе оларға сүрінбейтіндей орналастыру керек.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Тоқты қосып ішіндегі бөлшектерін жылжыту.
Панелдерін алу алдында жабдық қуатын ажыратыңыз.
Жабдыққа қайта ток беру
алдында панельдерін қайта қойып, бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық қуат компьютердің немесе басқа құралдың электрлік бөлшектерін бүлдіруі
мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге тұйықталған темір затты ұстап көріп, статикалық
электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Электр статикалық
разряд (60-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютер АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі. Ішкі бөлшектерінің
зақымдалуын болдырмау үшін компьютерді ашу алдында айнымалы ток қуат сымын қуат көзінен
ажыратыңыз.
Ескертулер мен сақтандырулар 35