Equipment reference manual
●
Егер SODIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді.
●
Егер А арнасындағы SODIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы SODIMM жадының
толық сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең
аз жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға
тағайындалған қалдықты сипаттайды. Егер бір
арнаның жады екінші арнаның жадынан артық
болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс.
●
Егер А арнасындағы SODIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы SODIMM жадының
толық сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау режимінде жұмыс істейді.
●
Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу SODIMM арқылы анықталады.
SODIMM құралын орнату
Жүйе тақтасында екі жад ұяшығы бар. Жад модульдарын алу немесе орнату үшін:
1. Компьютерден барлық алынатын оптикалық диск немесе USB флэш жетектерін алып тастаңыз.
2. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
3. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды
ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Айнымалы ток қуат сымын
ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға
дейін шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне
қарамастан, компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына
әрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу
нәтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
4. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
5. Компьютерді жұмсақ және жазық беткейге бетін төмен қаратып орналастырыңыз. HP жақтауы
мен экранды сызып немесе басқаша бүлдіріп алмас үшін, жұмсақ мата немесе сүлгі салуға кеңес
береді.
6. Артқы порт қақпағын алыңыз.
Артқы порт қақпағын алу (25-бет) бөлімін қараңыз.
7. Компьютерге жалғанған кабельдерді ажрытыңыз.
Кабельдерді ажырату (25-бет) бөлімін қараңыз.
8. Тұғырды алыңыз.
Тұғырды орнату және алу (16-бет) бөлімін қараңыз.
38 3-тарау Жабдықтарды жөндеу және жаңарту