Equipment reference manual
28. Компьютерді қосыңыз.
29. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді орнату
қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз.
Драйвтарды ауыстыру
Қатты диск жетегін ауыстыру
Қатты диск жетегі компьютердің сол жағында орналасқан.
Бір 2,5 дюймдік негізгі қатты диск жетегі (HDD) компьютерде орнатылған. Кейбір модельдерде
оптикалық диск жетегінің (ОДЖ) үстінде қосымша 2,5 дюймдік оптикалық диск жетегі (OДЖ) болуы
мүмкін.
2,5 дюймдік қатты диск жетегін алу
1. Компьютерден барлық алынатын оптикалық диск немесе USB флэш жетектерін алып тастаңыз.
2. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
3. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды
ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ
болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін айнымалы ток қуат сымын ажыратып қою керек.
4. Компьютерді жұмсақ және жазық беткейге бетін төмен қаратып орналастырыңыз. HP жақтауы
мен экранды сызып немесе басқаша бүлдіріп алмас үшін, жұмсақ мата немесе сүлгі салуға кеңес
береді.
5. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
6. Артқы порт қақпағын алыңыз.
Артқы порт қақпағын алу (25-бет) бөлімін қараңыз.
7. Компьютерге жалғанған кабельдерді ажрытыңыз.
Кабельдерді ажырату (25-бет) бөлімін қараңыз.
8. Тұғырды алыңыз.
Тұғырды орнату және алу (16-бет) бөлімін қараңыз.
Драйвтарды ауыстыру 51