Equipment reference manual
Оптикалық диск драйвын ауыстыру
ОДЖ компьютердің сол жағындағы ҚДЖ үстінде орналасқан (арттан қараған кезде).
1. Компьютерден барлық алынатын оптикалық диск немесе USB флэш жетектерін алып тастаңыз.
2. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
3. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды
ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін айнымалы ток қуат сымын ажыратып қою керек.
4. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
5. Компьютерді жұмсақ және жазық беткейге бетін төмен қаратып орналастырыңыз. HP жақтауы
мен экранды сызып немесе басқаша бүлдіріп алмас үшін, жұмсақ мата немесе сүлгі салуға кеңес
береді.
6. Артқы порт қақпағын алыңыз.
Артқы порт қақпағын алу (25-бет) бөлімін қараңыз.
7. Компьютерге жалғанған кабельдерді ажрытыңыз.
Кабельдерді ажырату (25-бет) бөлімін қараңыз.
8. Тұғырды алыңыз.
Тұғырды орнату және алу (16-бет) бөлімін қараңыз.
9. Компьютеріңіз моделі ProOne 400 болса, кіру панелін босату мақсатына кіру панельдерінің
бұрандаларын солға қарай ширек айналымға бұру үшін тегіс қалақты немесе Torx бұрағышты
пайдаланыңыз.
10. Кіру панелінің ысырмаларын бір-біріне қарай (1) сырғытыңыз.
56 3-тарау Жабдықтарды жөндеу және жаңарту