Equipment reference manual
ә Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық,
күнделікті қызмет көрсету және жіберу
дайындықтары
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті
қызмет көрсету
Компьютерді дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз:
●
Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық
жерден аулақ ұстаңыз.
●
Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз. Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін
компьютер мен монитордың жақтарынан 10,2 cм (4 дюйм) бос орын қалдырыңыз.
●
Компьютердің желдеткішерін бөгеп, желдетуін азайтып тастамаңыз.
●
Алынбалы панелдері алынған күйінде компьютерді қосуға болмайды.
●
Компьютерлерді бір-біріне тым жақын орналастырмаңыз, бір-бірінің желдету жүйесіне кедергі
келтіреді.
●
Егер компьютер тұйық жерде қолданылса, ауа соратын желдеткіш қамтамасыз ету керек және
жоғарыдағы нұсқаулықтарды орындау міндет.
●
Компьютер мен пернетақтадан сұйықты қашық ұстаңыз.
●
Монитордың желдеткіш ұяшықтарын ешқандай материалмен жабуға болмайды.
●
Жұмыс
жүйесінің немесе басқа бағдарламаның қуат басқару функцияларын орнатыңыз немесе
іске қосыңыз, ұйқы күйін қоса.
●
Компьютерді тазалағанда өшіріңіз және айнымалы ток қуат сымын ажыратып қойыңыз:
◦
Компьютердің сыртын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. Тазалау өнімдерін
пайдалану салдарынан жабдықтың сыртқы беті түссізденуі немесе зақымдануы мүмкін.
◦
Монитордың экранын немесе корпусын тазалау үшін бензин, сұйылтқыш
немесе қандай да
ұшпа зат сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған тазалағыш заттарды қолданбаңыз. Бұл
химиялық заттар мониторды зақымдауы мүмкін.
◦
Экранын жұмсақ және таза матамен сүртіңіз. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50
қатынасында су мен изопропил спиртінің қоспасын пайдаланыңыз. Шүберекке тазалағыш
затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап сүртіңіз. Тазалағыш затты ешқашан
тікелей экран бетіне сеппеңіз
. Ол жақтаудың артына өтіп, электрониканы зақымдауы
мүмкін.
◦
Компьютердің жақтарындағы желдеткіш саңылауларын тазалап отырыңыз. Жүн, шаң, және
басқа бөтен заттар желдеткішті бөгеп, ауа жүрісін шектеуі мүмкін.
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету 61