User Guide - Windows 10

Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін,
осы қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Пускастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер), Учетные записи (Есептік жазбалар),
одан кейін Параметры входа (Кіру параметрлері) пәрменін таңдаңыз.
3. Требуется вход. В случае вашего отсутствия через какое время Windows должна потребовать
выполнить повторный вход? (Кіруді талап етеді. Шығып кеткеніңізде Windows сізден кіруді
қашан сұрауы керек?) астынан При выходе компьютера из состояния сна (Компьютер ұйқыдан
оянғанда) пәрменін таңдаңыз.
4. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Батарея қуатын пайдалану
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Компьютер айнымалы ток қуатына қосылған болса да,
батареяны компьютерде сақтау батареяны зарядтайды және де қуат берілмей қалған жағдайда
жұмысты қорғайды. Компьютерде зарядталған батарея болса және сыртқы айнымалы ток қуаты іске
қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының
берілуі тоқтатылғанда, компьютер батарея қуатын автоматты түрде қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Таңдаулы компьютерлерде
ғана графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында қолданылады.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын
таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру
керектігі НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР
қолдау қызметімен хабарласыңыз.
HP Support Assistant орталығында мына құралдар және батарея туралы ақпарат бар.
38 6-тарау Қуатты басқару