User Guide - Windows 7

орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы
ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі мүмкін.
Компьютердің мобильді кең ауқымды мүмкіндігін пайдаланудан бұрын келесі қадамдарды аяқтау
қажет:
1. Мобильді кең ауқымды деректер қызметін белсендіріңіз. Бұл әрекетті орындау үшін қызмет
көрсету провайдеріңіздегі үйлесімді белсендірілген SIM картаны пайдаланыңыз.
2. Компьютерді өшіріп, белсендірілген SIM картасын компьютердің SIM ұясына салыңыз. SIM
картасын енгізу және шығару (19-бет) бөлімін қараңыз.
3. Компьютеріңізді іске қосып, Windows жүйесінің толық жүктелуін күтіңіз.
4. HP байланыс басқарушысы немесе бекітілген Windows байланыс басқару бағдарламалық
құралын пайдалану арқылы мобильді кең ауқымды байланыс орнатыңыз.
HP мобильді кең жолақты компьютеріңіздің артықшылықтары туралы толығырақ білу үшін
http://www.hp.com/go/mobilebroadband HP веб-сайтына кіріңіз.
SIM картасын енгізу және шығару
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. SIM картасын SIM картасының ұясына салып, ол өз орнына тығыз түскенше SIM картасын оның
ұясына жайлап басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
6. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
Сымсыз желіге қосылу 19