User Guide - Windows 7
●
Сандық пернетақта өшірулі кезде, оның пернесінің шарлау функциясын пайдалану үшін,
пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
●
Сандық пернетақта қосулы кезде оның пернесінің стандартты функциясын пайдалану үшін
◦
Кіші әріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
◦
Бас әріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі
болуына байланысты әртүрлі қызмет атқарады
. (Num lock зауытта өшіріледі.)Мысалы:
●
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
●
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down
пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса, компьютердегі num lock шамы
сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
▲
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Пернетақтаны пайдалану 29