User Guide - Windows 7

тексеру) тармағын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея тексеру)
бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды жылдам
аяқталса, қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Батареяның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, оны үйдегі қоқыспен бірге лақтырмаңыз. Жергілікті
батарея тастау заңдары мен ережелерін орындаңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
Анықтама және қолдау орталығында батарея туралы ақпарат бар:
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға қуатты басқару және дұрыс күтім мен сақтау туралы
ақпарат
Батарея түрлері туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Справка и поддержка НР (НР
анықтамасы және қолдау) тармақтарын таңдаңыз, одан кейін Анықтама және қолдау
бағдарламасының іздеу жолағында батарея сөзін теріңіз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
Анықтама және қолдау орталығында компьютерде орнатылған батарея күйі туралы ақпарат беріледі.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат
көзіне жалғануы тиіс.
2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Справка и поддержка НР (НР
анықтамасы және қолдау) > HP Support Assistant > Аккумулятор и производительность (Батарея
және өнімділік) > HP Battery Check (НР батарея тексеру) тармақтарын таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның және оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді және
тексерудің нәтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
Меңзерді Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық
сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Пайдаланушымен ауыстырылатын батареямен жабдықталған компьютер қолданыста
болмағанда немесе зарядталмағанда батареяны компьютерден шығарып алыңыз.
40 6-тарау Қуатты басқару