User Guide - Windows 8.1

1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Система и безопасностьүйе және қауіпсіздік) пәрменін, Системаүйе) пәрменін таңдаңыз,
одан кейін сол жақ бағанда Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын
нұқыңыз.
Дисплейлерді компьютерлерге AMD немесе Nvidia графикалық картасы (қосымша хабы
бар) арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: AMD сызбалық контроллері және қосымша хаб көмегімен ең көп 3-ке дейін сыртқы
дисплей құрылғысын қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Nvidia® сызбалық контроллері арқылы 3-ке дейін сыртқы дисплей құрылғысын қосуға
болады.
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі
DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз.
3. Бастау экранында іздеу жолағына разрешение экрана (экран ажыратымдылығы) деп
жазыңыз немесе fn+f4 пернелер тіркесімін басыңыз. Қосылған дисплейлердің бәрін көрмесеңіз,
әр құрылғының концентратордағы тиісті портқа қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бірнеше дисплей құрылғысының нұсқалары барлық қосылған дисплейлердегі
компьютер экраны айнасын беретін Дублировать (Көшірмелеу) немесе компьютер экранын
барлық қосылған дисплейлерге жаятын Расширитьеңейту) опциясын қамтиды.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы үлгілерде)
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
Шебер түймелерді көрсету үшін экранның жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына
меңзеңіз және Устройства (Құрылғылар) түймесін нұқып, Проект (Жоба) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Таңдаулы үлгілерде Бастау экранындағы HP Quick Access to Miracast (Miracast құрылғысына HP
Quick кіру) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бейне 37