User's Guide
Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймешігі
●
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймешікті басыңыз.
●
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу
үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows жүйесінің
өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру
үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз.
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері)
тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Қуат өлшегіш белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Қуат параметрлері опциясын
таңдаңыз.
(2) Қуат шамы
●
Қосулы: компьютер қосулы.
●
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес бөліктердің
қуатын өшіреді.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты
үнемдеу күйі.
(3) USB 3.x зарядтау порты Компьютер қосулы кезде ұялы телефон, камера, әрекет
бақылауышы немесе смарт сағат сияқты USB
құрылғыларын жалғап, зарядтайды және деректерді
жоғары жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
KKWW Сол жағы 7