User's Guide
Әрекеттер пернелері
Әрекет пернесі пернедегі белгішеде көрсетілген функцияны орындайды. Өнімдегі пернелерді анықтау
үшін Арнайы пернелер (14-бет) бөлімін қараңыз.
▲
Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз.
Белгіше Сипаттама
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, монитор
компьютерге жалғанған болса, пернелер тіркесімін қайта-қайта басу компьютер мен мониторда бір
уақытта көрсету үшін экран суретін компьютерден мониторға ауыстырады.
Басқа адамдардың жан-жақтан көруіне жол бермейді. Егер қажет болса, жарығы аз немесе қараңғы
орталардың жарықтығын азайтыңыз немесе көбейтіңіз. Құпиялылық экранын өшіру үшін пернелер
тіркесімін қайта басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Ең жоғары қауіпсіздік параметрін тез қосу үшін fn+p пернелерін басыңыз.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Микрофонды үнсіздендіреді.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
num lk Енгізілген сандық пернетақтаны қосады немесе өшіреді.
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Бизнеске арналған Skype бағдарламасының күнтізбесіне жылдам қатынасты қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік Microsoft Exchange немесе Oice 365® серверіне орнатылған Бизнеске
арналған Skype® немесе Lync® 2013 бағдарламасын талап етеді.
KKWW Пернетақта аумағы 15