User's Guide
Бір саусақпен сырғыту (тек сенсорлы экранда)
Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды
жылжыту үшін пайдаланыңыз.
●
Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз.
●
Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану
Пернетақта және тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы
қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта
арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелер тіркесімдерін
пайдалануға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерде планшет режимінде болған кезде көрсетілетін экрандық пернетақта бар.
1. Экрандық пернетақтаны көрсету үшін тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы пернетақта белгішесін түртіңіз.
2. Теруді бастаңыз.
Экрандық пернетақта параметрлерін ашу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына панель
управления (басқару тақтасы) сөзін енгізіңіз, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын
таңдаңыз
, Устройства и принтеры (Құрылғылар және принтерлер) опциясын таңдап, Ввод
(Енгізу) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пернелер тіркесімдері экрандық пернетақтада көрсетілмейді және жұмыс істемейді.
ЕСКЕРТПЕ: Экрандық пернетақтаның үстіңгі жағында сөздер мысалдары ұсынылуы мүмкін.
Сөзді таңдау үшін оны түртіңіз.
28 4-тарау Экранда шолу KKWW