User's Guide

5 Ойын-сауық мүмкіндіктері
НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера
арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер
сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз.
Түрту қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютеріңіз екі NFC қолдауы бар құрылғы арасында ақпаратты сымсыз ортақ пайдалану мүмкіндігін
беретін Өріс жанындағы байланысқа (NFC) қолдау көрсетеді. NFC және қолдау көрсетілетін
бағдарламалар арқылы веб-тораптарды ортақ пайдалануға, байланыс ақпаратын тасымалдауға,
төлемдерді аударуға және NFC қолдауы бар принтерлерде түртіп басып шығаруға болады. NFC түрту
аумағын тауып алу үшін Сенсорлы тақта (11-бет) бөлімін қараңыз.
Ортақ пайдалану
1. NFC функциясының қосылғанын растаңыз.
а. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына беспроводное (сымсыз) сөзін жазып, Сымсыз
құрылғыларды қосу немесе өшіру
опциясын таңдаңыз.
ә. NFC таңдауының Қосулы мәнінде екенін растаңыз.
2. Екі NFC антеннасын біріктіріп ұстаңыз. Құрылғылар қосылған кезде дыбыс естілуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Басқа NFC құрылғысындағы антенна орнын табу үшін құрылғы нұсқауларын
қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындап, әрекетті жалғастырыңыз.
Камераны пайдалану
Компьютерде жұмыс істеу немесе ойнау үшін басқалармен қосылу мүмкіндігін беретін бір немесе одан
көп камера бар. Камералар алға қарайтын, артқа қарайтын немесе қалқымалы болуы мүмкін. Камера
туралы мәлімет алу үшін Құрамдас бөліктер (4-бет) бөлімін қараңыз.
KKWW Түрту қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 29