User's Guide
3. Изменение параметров, которые сейчас недоступны (Ағымдағы қол жеткізгісіз параметрлерді
өзгерту) пәрменін таңдаңыз және При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде)
немесе При нажатии кнопки сна (Ұйқы түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту
режимі) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Қуат мәзірінде Күту режимі опциясын көрсету үшін Параметры завершения работы (Жұмысты
аяқтау параметрлерінен) Гибернация (Күту режимі) тармағын таңдаңыз.
4. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру
үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам
кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
●
Батарея зарядының қалған деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, тінтуір
меңзерін қуат көрсеткіші белгішесінің үстіне орналастырыңыз.
●
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Сондай-ақ, тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание
(Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Компьютер үшін құпия сөзді орнатқаннан кейін компьютердің Ұйқы немесе Күту режимінен шыққанда
құпия сөз сұрау мүмкіндігін орнатуға болады.
Құпия сөзді орнату үшін
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Құпия сөзді орнату үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер), Учетные
записи (Есептік жазбалар), Параметры входа (Кіру параметрлері), Пароль (Құпия сөз), Добавить
(Қосу) пәрмендерін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Параметры электропитания (Қуат параметрлері) терезесін жабыңыз.
KKWW Қуат параметрлерін орнату 37