User's Guide

Батарея жұмысын тексеруге арналған HP Battery Check бағдарламасы
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару және дұрыс күтім
мен сақтау туралы ақпарат
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
HP Battery Check бағдарламасын пайдалану
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батарея заряды тұрмайтын болса, HP Support Assistant
бағдарламасының ішіндегі НР Battery Check (НР батареяны тексеру) утилитасын іске қосыңыз. Егер
батареяны ауыстыру керектігі НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы
анықталған болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз.
HP Battery Check бағдарламасын іске қосу үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат
көзіне жалғануы тиіс.
2. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
3. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын
таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру
керектігі НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР
қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның және оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді және
тексерудің нәтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
Меңзерді Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесінің үстіне апарыңыз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық
сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Экономия энергии (Қуат үнемдегіші)
параметрін таңдаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін басқару
Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір
батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры электропитания (Қуат
KKWW Қуат параметрлерін орнату 39