User's Guide
Батареяны тастау
Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз.
Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын
ережелерді орындаңыз.
Батареяны ауыстыру
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін
болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен
қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток
адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату
нұсқаулары постерінен қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
●
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
●
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
●
Ақпаратты ықшам дискіге, DVD немесе BD (тек таңдаулы өнімдерде) дискілеріне жазғанда.
●
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосқанда.
●
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
●
Батарея зарядтала бастайды.
●
Компьютер қосылып тұрса, тапсырмалар тақтасындағы қуат көрсеткіші белгішесінің түрі
өзгереді.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
●
Компьютер батарея қуатына көшеді.
●
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды.
KKWW Қуат параметрлерін орнату 41