Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP ProDesk 600 G3 SFF бизнес компьютері
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. Осы жердегі мәліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешнәрсе қосымша кепілдік деп түсіндірілмеуі тиіс.
Осы кітап туралы Бұл нұсқаулық HP ProDesk Business ДК жаңарту үшін қажет негізгі ақпаратпен қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алды алынбаса, өлім жағдайына немесе ауыр жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Алды алынбаса, өлім жеңіл немесе орташа жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Маңызды, бірақ қауіпті емес ақпаратты көрсетеді (мысалы, мүліктік залалға қатысты хабарлар).
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ...................................................................................................................................... 1 Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері ................................................................................................... 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері .............................................................................................................. 2 Артқы тақта құрамдас бөлшектері ........................
қосымшасы ә Электр статикалық разряд ..................................................................................................... 44 Электр статикалық разрядты болдырмау ...................................................................................................... 44 Жерге қосу әдістері ............................................................................................................................................
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері Мүмкіндіктер үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Компьютеріңіздің үлгісінде орнатылған құрал және бағдарламалық құрал туралы көбірек білу үшін және қолдау көмекшісін ашу үшін HP Support Assistant қызметтік бағдарламасын іске қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: болады.
Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері Драйв конфигурациясы үлгіге қарай әр түрлі болады. Кейбір үлгілерде жұқа оптикалық диск жетегінің ұясын жабатын бітеуіш бар. Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 1 Жұқа оптикалық диск жетегі (қосымша) 6 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар USB 2.0 порты 2 SD картасын оқу құралы (қосымша) 7 Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) тізбекті ұяшығы 3 USB Type-C зарядтау порты 8 Қатты драйвер жұмыс шамы 4 USB 3.
Артқы тақта құрамдас бөлшектері vPro және vPro басқа жүйелердегі артқы құрамдас бөліктерге арналған келесі кескіндер мен кестелерді қараңыз. vPro жүйелері Артқы тақта құрамдас бөлшектері 1 Аудио кіріс ұясы 5 Қосымша порт 2 RJ-45 (желі) ұясы 6 USB 2.0 порттары (2) 3 Қосылған аудио құралдардың аудио шығыс ұяшығы 7 USB 3.x порттары (4) 4 DisplayPort мониторының қосқыштары (2) 8 Қуат сымының қосқышы ЕСКЕРТПЕ: Модельде HP компаниясында қол жетімді қосымша порттар болуы мүмкін.
vPro басқа жүйелер Артқы тақта құрамдас бөлшектері 1 Аудио кіріс ұясы 5 Қосымша порт 2 RJ-45 (желі) ұясы 6 USB 2.0 порттары (4) 3 Қосылған аудио құралдардың аудио шығыс ұяшығы 7 USB 3.x порттары (2) 4 DisplayPort мониторының қосқыштары (2) 8 Қуат сымының қосқышы ЕСКЕРТПЕ: Модельде HP компаниясында қол жетімді қосымша порттар болуы мүмкін. Құрылғы аудио ұяшығына тығылған кезде, микрофон не құлақаспап ұяшығын пайдалану туралы сұрайтын монитор экранында диалогтық терезе пайда болады.
2 Құрылғы жаңартулары Қызмет көрсету функциялары Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15 немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған кейбір орнату процедуралары үшін қажет. Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін алу Ішкі құрамдас бөлшектерді алу үшін, алынбалы панельді алып тастауыңыз қажет. 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру Кіру панелінің босату тетігі орнына құлыпталғанын тексеріп, кіру панелін компьютерге орналастырыңыз (1) және панельді алға қарай сырғытыңыз (2). Босату тетігі қайтадан автоматты түрде солға жылжып, кіру панелін қорғайды.
Алдыңғы жапқышын алу 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Жұқа оптикалық диск жетегінің бітеуіш жапқышын алу Кейбір модельдерде жұқа оптикалық жинақтағыш диск ұясын жабады. Оптикалық дискіні орнатпас бұрын бітеуіш жапқышты алыңыз. Бітеуіш жапқышты алу: 1. Компьютердің алынбалы панелі мен алдыңғы жапқышын алыңыз. 2. Содан кейін бос орынның (1) сол жағындағы қойындыда ішке қарай итеріңіз және бітеуіш жапқышты (2) айналдырыңыз.
Қосымша алдыңғы панель шаң сүзгісін алып тастау және орнату Кейбір модельдер қосымша алдыңғы панель шаң сүзгісімен жабдықталған. Шаң сүзгісінде жиналған шаң компьютерге келетін ауа ағымына кедергі болмауы үшін шаң сүзгісін мерзімді түрде тазалап отырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Қосымша алдыңғы панель шаң сүзгісін HP компаниясынан алуға болады. Шаң сүзгісін алып тастау, тазалау және ауыстыру: 1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 2.
5. Шаң сүзгісін ауыстыру үшін сүзгіні төменде көрсетілген қойынша орындарындағы алдыңғы панельде қатты басыңыз. 6. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
Жұмыс үстеліне мұнара бағытына өзгерту Шағын форм-фактор компьютерін тік бағытында HP компаниясынан сатып алуға болатын қосымша тігінен орналасқан тұғыр арқылы қолдануға болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді тігінен орнықтыру үшін, HP қосымша тік тұғыр қолдануға кеңес береді. 1. Компьютерді қозғалтуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3.
Жүйе тақтасының жалғаулары Үлгіңізге арналған жүйе тақтасын анықтау үшін келесі суреттер мен кестелерді қараңыз. Эле мен т Жүйелік тақта қосқышы Жүйе тақтасының жапсырмасы Түсі Бөлік 1 PCI Express x16 X16PCIEXP Қара Кеңейту картасы 2 PCI Express x4 X4PCIEXP Қара Кеңейту картасы 3 Батарея BAT Қара Батарея 4 DIMM4 (Арна A) DIMM4 Ақ Жад модулі 5 DIMM3 (Арна A) DIMM3 Қара Жад модулі 6 DIMM2 (Арна В) DIMM2 Ақ Жад модулі 7 DIMM1 (Арна В) DIMM1 Қара Жад модулі 8 M.
Жүйе жадын жаңарту Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған. Жүйелік тақтадағы жад ұяшықтарына кемінде бір алдын ала орнатылған жад модулі салынған. Жад қолдауын барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 64 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы режимде жиналған жад орнатуға болады.
құралымен толтырылуы қажет. Осы конфигурациясының негізінде, 4 ГБ қос арна ретінде және 1 ГБ жалғыз арна ретінде іске қосылуы қажет. ● Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы анықталады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып тұрады.
9. Диск ұясын шығарып алыңыз. Ұяның сол жақ бүйіріндегі босату тетігін ішке қарай басып (1), ұяның сол жақ бүйірін көтеріңіз (2) және содан кейін ұясының оң жағын шассиден сырғытып шығарыңыз (3). 10. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз. Модуль толығымен енгізілгенін және дұрыс орнатылғанын тексеру арқылы модульді ұяшықтың ішіне төмен қарай басыңыз. Кертпелердің жабылғанын (3) тексеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады.
12. Диск ұясын ауыстырыңыз. Диск ұясының оң жағындағы қойыншаны шассидегі ұяшықтарға қарай сырғытып (1), диск ұясының сол жағын шассиге қарай басыңыз (2). 13. Диск ұясындағы барлық дискілердің қуат және дерек кабельдерін қайта жалғаңыз. 14. Алдыңғы жапқышты орнына салыңыз. 15. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 16. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз. 17. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. Компьютер қосымша жадты автоматты түрде тануы тиіс. 18.
Кеңейту картасын алу немесе орнату Компьютерде бір PCI Express x4 кеңейту ұяшығы және бір PCI Express x16 кеңейту ұяшығы бар. ЕСКЕРТПЕ: PCI Express ұяшықтары тек қана төмен профайл кәртішкелеріне қолдау көрсетеді. PCI Express x1, x4, x8, немесе x16 кеңейту карталарын PCI Express x16 ұяшығына орнатуға болады. Екі графикалық карта конфигурациясы үшін, алғашқы (негізгі) картаны PCI Express x16 ұяшығына орнату керек. Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін: 1.
а. Егер кеңейту картасын бос ұяшыққа орналастырсаңыз, шассидің артындағы қажетті кеңейту ұяшығының қақпағын алып тастаңыз. Жалпақ ұшты бұрауышты кеңейтім саңылау қақпағының артынлағы ұяшықтарға салып (1), ұяшық қақпағын шассиден шығарып алу үшін оны артқа және алға қарай тербетіңіз (2). ә. PCI Express x4 кәртішкесін алып тастап жатқан болсаңыз, кәртішкені әрбір ұшынан ұстап, ақырын кері шайқаңыз да, қосқыштар ұядан босағанша күшпен тартыңыз.
б. Егер PCI Express x16 картасын алу қажет болса, кеңейту ұяшығының артындағы ұстағышын картадан (1) тартып алыңыз да, картаны ұяшықтан шыққанша абайлап артқа және алға қозғаңыз. Кеңейту картасын корпустың (3) ішкі жағынан шығарып алу үшін жоғары қарай тіке (2) көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз. 10. Алынған картаны антистатик материалмен ораңыз. 11. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың қақпағын орнатыңыз.
12. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дәл келетіндей етіп шассидің артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2) төмен қарай тура басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұяшығында дұрыс орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз. 13. Кеңейту картасын сақтандыру үшін ұяшық қақпағының ұстағышын айналдырып орнына қойыңыз.
18. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. 19. Қажет болса, компьютер конфигурациясын қайта орындаңыз. Диск орындары Диск орындары 1 3,5 дюймдік қатты диск саңылауы 2 9,5 мм жұқа оптикалық диск жетегінің саңылауы ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі драйв конфигурациясы жоғарыда көрсетілген драйв конфигурациясынан бөлек болуы мүмкін.
Дискілерді орнату және алу Драйвтарды орнататын кезде келесі нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Негізгі сериялық ATA (SATA) қатты дискісі жүйе тақтасындағы SATA0 таңбасы бар қою көк түсті негізгі SATA жалғағышына жалғануы керек. ● Оптикалық дискті SATA1 таңбасы бар жүйе тақтасындағы ашық көк SATA жалғағышына жалғаңыз.
9,5 мм жұқа оптикалық диск жетегін шығарып алу 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
8. Дискінің артқы оң жағындағы жасыл ысырмасын дискінің ортасына қарай басып (1), дискіні саңылауынан шығарып алу үшін алға қарай сырғытыңыз (2).
9,5 мм жұқа оптикалық диск жетегін орнату 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
9. Жетектің артқы жағындағы құлақшаны орнына бекітілетіндей етіп, оптикалық жетекті алдыңғы бітеуіш жапқышы (1) арқылы ұясына қарай жасыл құлақша корпус жақтауына (2) құрсауланғанша сырғытып салыңыз. 10. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты жетектің артына жалғаңыз. 11. Деректер кабелінің басқа ұшын SATA1 деп таңбаланған жүйе тақтасындағы ашық көк SATA қосқышына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жүйе тақтасының диск жалғағыштарының суретін мына жерден қараңыз: Жүйе тақтасының жалғаулары (13-бет). 12.
3,5 дюймдік қатты дискіні алу және салу ЕСКЕРТПЕ: Ескі қатты драйвты алғанға дейін, деректі жаңа қатты драйвқа өзгерте алатындай ескі қатты драйвтағы деректердің көшірмесін жасағаныңызға сенімді болыңыз. 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 4.
8. Қатты дисктің қасындағы босату ілгегін сыртқа қарай тартыңыз (1). Босату ілгегін басып тұрып, дискіні алға қарай тоқтағанша итеріңіз, одан кейін дискіні көтеріп, саңылаудан шығарыңыз (2). 9. Стандартты 6-32 күміс-көк түсті орнату бұрандаларының көмегімен қатты дискінің бүйіріндегі орнату бұрандаларын орнатыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 3,5 дюймдік қатты дискіні ауыстыратын болсаңыз, орнату бұрандаларын ескі қатты дискіден жаңасына тасымалдаңыз. HP компаниясынан қосымша бекіткіш бұрандаларды сатып алуға болады.
— 30 Жетекті адаптер төрт қара M3 адаптер ұстағышы бұрандаларын ұстағыштың астымен, жетектің ішіне орнату арқылы ұяшық адаптер ұстағышына бекітіңіз.
— Төрт 6-32 күміс-көк түсті бекітетін жетекші бұрандаларды адаптер кронштейніне орнатыңыз (кронштейннің әр бүйіріне екеу). 10. Бекітетін бұрандаларды шасси драйв қуысындағы саңылаулармен қатарластырыңыз, қатты дискті ұяшықтың ішіне қарай төмен басыңыз, және содан кейін дискті тоқтап, орнына бекітілмейінше артқа қарай жылжытыңыз.
11. Дерек кабелін (1) және қуат кабелін (2) қатты жетектің артына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы аппараттық құралға арналған деректер кабелі кез келген аппараттық құралдың жұмысына ақаулықтар туғызбас үшін жүйе тақтасындағы SATA0 деп таңбаланған қоңыр көк қосқышқа жалғануы қажет. 12. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 13. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз. 14. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 15.
9. Диск ұясын шығарып алыңыз. Ұяның сол жақ бүйіріндегі босату тетігін ішке қарай басып (1), ұяның сол жақ бүйірін көтеріңіз (2) және содан кейін ұясының оң жағын шассиден сырғытып шығарыңыз (3). 10. M.2 SSD картасын алып тастау үшін картаны бекітетін бұранданы алып тастаңыз (1), картаның ұшын жоғары көтеріңіз (2) және картаны жүйелік тақта қосқышынан сырғытып шығарыңыз (3).
11. M.2 SSD картасын орнату үшін картаны шамамен 30° бұрышта (1) ұстап, картадағы істікшелерді жүйелік тақта қосқышына сырғытыңыз. Картаның басқа ұшын басып (2), картаны бұрандамен бекітіңіз (3). 12. Диск ұясын ауыстырыңыз. Диск ұясының оң жағындағы қойыншаны шассидегі ұяшықтарға қарай сырғытып (1), диск ұясының сол жағын шассиге қарай басыңыз (2). 13. Диск ұясындағы барлық дискілердің қуат және дерек кабельдерін қайта жалғаңыз. 14. Алдыңғы жапқышты орнына салыңыз. 15.
Қауіпсіздік құлпын орнату Төменде және келесі бетте көрсетілген Қауіпсіздік құлыптарын компьютерді қорғау үшін қолдануға болады.
HP бизнес ДК қауіпсіздік құлпы V2 HP PC Security Lock V2 құлпы жұмыс станциясындағы барлық құрылғыларды қорғауға арналған. 36 1. Қауіпсіздік кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұрандалар берілмеген) (1) үшін тиісті бұрандаларды пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және кабель ысырмасының (2) негізіндегі қақпақты бекітіңіз. 2. Қауіпсіздік кабелімен стационал нысанды айналдыра ораңыз.
3. Қауіпсіздік кабелін қауіпсіздік кабелінің ысырмасы арқылы сырғытыңыз. 4. Монитор құлпының екі қайшы тұтқасын тартып, құлыпты монитордың (1) артқы жағындағы қауіпсіздік ұясына салып, құлыпты орнына (2) бекіту үшін қайшы тұтқаларын бірге жауып, кабель бағыттағышын монитор құлпынің (3) ортасы арқылы сырғытыңыз.
38 5. Қауіпсіздік кабелін мониторда орнатылған қауіпсіздік бағыттауышы арқылы сырғытыңыз. 6. Аксессуар кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұранда берілмеген) (1) үшін тиісті бұранданы пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және ысырманың (2) негізіндегі аксессуар кабельдерін орналастырыңыз.
7. Қауіпсіздік кабелін аксессуар кабелінің ысырмасындағы саңылаулар арқылы сырғытыңыз. 8. Берілген бұрауышты пайдаланып, құлыпты шассидің артына бұраңыз.
9. Қауіпсіздік кабелінің шетін құлыпқа (1) енгізіңіз және құлыпты жабу үшін түймені (2) итеріңіз. Құлыпты ашу үшін берілген кілтті қолданыңыз. 10. Барлық қадамдарды аяқтаған кезіңізде, жұмыс бекетіңіздегі барлық құрылғыларыңыз қауіпсіздендіріледі.
а Батарея ауыстыру Компьютермен жабдықталған батареялар ағымдағы уақыт бойынша өріс береді. Батареяны ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз. Компьютердегі батарея 3-вольттық тиын ұялы литий батареясы. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар. Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт және күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту үшін: Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз. 60°C (140°F) жоғарырақ температурада сақтамаңыз.
8. Жүйе тақтасындағы батарея ұяшығына қарай, батареяны ауыстыру үшін келесі нұқсаулықтарды орындаңыз. 1-түрі а. Батареяны ұяшығынан көтеріп алыңыз. ә. Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы автоматты түрде батареяны дұрыс орына орналастырады. 2-түрі а. Батареяны ұяшығынан босату үшін батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты қысыңыз. Батарея шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (1). ә.
ә. Жаңа батареяны салып, орына түсіріп орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны ауыстырған соң, бұл жұмысты аяқтау үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 9. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 10. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз. 11. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 12. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді орнату қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз. 13.
ә Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау және тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Оптикалық дискіге қатысты алдын алу шаралары Жұмыс кезінде немесе оптикалық драйвты тазалғанда келесі нұсқаулықтарды міндетті түрде орындаңыз. Жұмыс істеу ● Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нәтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін. ● Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, әйтпесе құрылғы ішінде ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз.
в Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс А алдыңғы жапқышы алып тастау 8 ауыстыру 9 бітеуішті алып тастау 9 алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 2 алу M.