Equipment reference manual

9. Диск ұясын шығарып алыңыз. Ұяның сол жақ бүйіріндегі босату тетігін ішке қарай басып (1),
ұяның сол жақ бүйірін көтеріңіз (2) және содан кейін ұясының оң жағын шассиден сырғытып
шығарыңыз (3).
10. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз.
Модуль толығымен енгізілгенін және дұрыс орнатылғанын тексеру арқылы модульді ұяшықтың
ішіне төмен қарай басыңыз. Кертпелердің жабылғанын (3) тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад
ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз.
Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз.
Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең
болатындай толтырыңыз.
11. Кез келген қосымша модульді орнату үшін, 10-қадамды қайталаңыз.
16 2-тарау Құрылғы жаңартулары