Equipment reference manual
12. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап
тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дәл келетіндей етіп шассидің
артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2)
төмен қарай тура басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұяшығында дұрыс
орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз.
13. Кеңейту картасын сақтандыру үшін ұяшық қақпағының ұстағышын айналдырып орнына
қойыңыз.
14. Қажет болса, орнатылған картаға сыртқы кабельдерді жалғаңыз. Қажет болса, жүйе тақтасына
сыртқы кабельдерді жалғаңыз.
15. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
16. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз.
17. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
Кеңейту картасын алу немесе орнату 21