Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron, Pentium және Thunderbolt – Intel корпорациясының АҚШтағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft және Windows – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгілері сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы өнімдері Intel ® Pentium ® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 1 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау ...................................................................................... 19 Екі саусақпен (тек сенсорлы тақтада) жылжыту ......................................................................... 20 Екі саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту ................................................................................ 20 5 Ойын-сауық мүмкіндіктері ............................................................................................................
Құпия сөздерді пайдалану ............................................................................................................................... 32 Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату .................................................................................. 32 Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату .................................................................... 32 BIOS әкімші құпия сөзін басқару ...............................................................................
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ........................................................................................................ 47 Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану .................................................................... 48 f11 қалпына келтіру құралдары (тек таңдаулы өнімдерде) ..................................................... 49 Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы ...............................................................................
1 Алғашқы жұмыс Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (14-бет) бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Қосымша ақпаратты Қауіпсіздік (31-бет) бөлімінен қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат HP веб-торабы ● Қолдау қызметі туралы ақпарат Өніміңіз үшін пайдаланушы нұсқаулары мен нұсқаулықтарын ашу үшін http://www.hp.com/support веб-торабына кіріңіз. Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2 Бөліктер Аппараттық құралдың және бағдарламалық құралдың орналасқан орындарын табу Орнатылған аппараттық құралдардың тізімін қарау үшін ▲ Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын таңдаңыз. Орнатылған бағдарламалық құралдардың тізімін қарау үшін ▲ Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде: ● Ақ: Батарея заряды 90% асады. ● Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында. ● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея зарядталмай тұрғанда): (2) USB Type-C қуат қосқышы және Thunderbolt™ порттары (2) ● Сары болып жыпылықтап тұрса: Батарея заряды аз деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
Сол жағы Бөлік Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс (микрофон) комбо ұяшығы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға бөлек тұратын қосымша микрофондар қосылмайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (3) Веб-камераның инфрақызыл (ИҚ) шамдары (2) Жарығы аз жағдайда веб-камера алатын сурет сапасын жақсартады. (4) Веб-камера және ИҚ камера Бейнені жазады және суреттерге түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады және сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді іске қосу үшін саусағыңыздың қимылдарын оқиды.
Шамдар Бөлік (1) (2) (3) (4) (5) (6) Сипаттама Қуат шамы Қоңырауға жауап беру шамы Қоңырауды қабылдамау/аяқтау шамы Микрофон дыбысын өшіру шамы Дыбысты өшіру шамы Сымсыз байланыс шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі.
Бөлік (7) (8) Сипаттама Сенсорлы тақта шамы Caps lock шамы ● Қосулы: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. Қосулы: Перне енгізуін толық бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. Түймешік Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Арнайы функционалдық пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық пернемен, num lock пернесімен, esc пернесімен немесе fn+b пернелерімен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Пернелер тіркесімдерін пайдалану (10-бет) бөлімін қараңыз. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу Пуск (Бастау) мәзірін жабады.
fn пернесін және функционалдық пернені басу Сипаттама Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды. Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, монитор компьютерге қосымша қондыру құрылғысы арқылы қосылған болса, f8 пернесі экран бейнесін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі орындарға қараңыз: компьютердің түбінде, батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің астында немесе дисплейдің артында.
Бөлік (2) Өнім нөмірі (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы өнімдерде) Бөлік (1) Модель атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
HP Connection Manager құралының көмегімен сымсыз байланыс құрылғыларын өшіру үшін ▲ Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы HP Connection Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
WLAN желісіне қосылу ЕСКЕРТПЕ: Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін және модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға және Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. 2.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз. HP Mobile Connect пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP Mobile Connect қызметі – компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты байланыс ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect қызметін пайдалану үшін компьютеріңізде SIM картасы және HP Mobile Connect бағдарламасы болуы тиіс.
Сымды желіге қосылу Таңдаулы өнімдерде сымды байланыс қосылымдары жұмыс істеуі мүмкін: жергілікті желі (LAN) және модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады және телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Экранда шолу Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады) Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік береді.
Екі саусақпен (тек сенсорлы тақтада) жылжыту Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу үшін пайдаланыңыз. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. Екі саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту Экрандағы нысан мәзірін ашу үшін екі саусақпен түртуді пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: ● 20 Екі саусақ көмегімен түрту қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (3-бет) бөлімінде қараңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін: ▲ Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын немесе аудио бағдарламалық құралыңызды таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Басқару тақтасының барлық мазмұнын көру үшін Категория (Санаты) көрінісінің орнына үлкен немесе кішкентай белгішесі көрінісін таңдаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f8 пернелер тіркесімін басыңыз. ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
Intel WiDi сертификатталған дисплейлерді анықтау және оларға қосылу (тек таңдаулы Intel өнімдерінде) Intel WiDi фотосуреттер, музыка немесе видеолар сияқты жеке файлдарды сымсыз көрсету үшін немесе бүкіл компьютер экранын теледидар немесе қосымша дисплей құрылғысына қосу үшін пайдаланыңыз. Intel WiDi, premium Miracast шешімі қосымша дисплей құрылғысын жиексіз жұптауды жеңілдетеді; толық экранның көшірмесін қамтамасыз етеді; жылдамдығын, сапасын және ауқымын жақсартады.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютер жұмысын аяқтау (өшіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді. Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз: ● Компьютер ішіндегі компоненттерге кіру қажет болғанда.
Қуат параметрлерін орнату ЕСКЕРТУ: Компьютер Ұйқы режимінде болғанда бірнеше осал тараптары бар. Компьютеріңіздегі деректерді, сонымен қатар шифрланған деректерді рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін HP компаниясы Ұйқы режимінің орнына Ұйқылық режимін пайдалануды ұсынады, сонда компьютер кез келген уақытта физикалық ықпалыңыздан тыс болады. Бұл тәжірибе компьютеріңізді бірге алып жүргенде өте маңызды. Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Ұйқылық күй зауытта іске қосылады.
Қуат өлшегіш пен қуат параметрлерін пайдалану Қуат өлшегіш хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді. ● Батарея зарядының қалған пайыздағы деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көрсету үшін, меңзерді қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
HP Battery Check бағдарламасын пайдалану Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяда заряды тұрмайтын болса, HP Support Assistant ішіндегі HP Battery Check бағдарламасын іске қосыңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігін HP Battery Check бағдарламасы көрсетсе, қолдау қызметіне хабарласыңыз. HP Battery Check бағдарламасын іске қосу үшін: 1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: HP Battery Check бағдарламасының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат көзіне жалғануы тиіс. 2.
● Хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіштің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді. Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа қосылады да, компьютер өшіріледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі. Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз: ● Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде. ● Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде. ● Ақпаратты ықшам дискіге, DVD немесе BD (тек таңдаулы үлгілерде) дискілеріне жазғанда ● Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосқанда.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздерді компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінде немесе Computer Setup құралында орнатуға болады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Құпия сөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын, BIOS әкімшісінің құпия сөзін орнату керек.
▲ ● Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз және НР логотипі пайда болған кезде Computer Setup құралына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасыз планшеттер: ▲ Планшетті өшіріңіз. Іске қосу мәзірі көрсетілгенше қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймесімен бірге басып, Computer Setup құралына кіру үшін F10 пернесін түртіңіз. 2. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Change BIOS Administrator Password (BIOS әкімшісі құпия сөзін өзгерту) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 3.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпиясөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup құралында DriveLock құпия сөзін орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● 2. Пернетақталары бар компьютерлер немесе планшеттер: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Қуат түймесін басыңыз және НР логотипі пайда болған кезде Computer Setup құралына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасыз планшеттер: 1. Планшетті өшіріңіз. 2.
3. Қорғау қажет қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 4. DriveLock қосу таңдауларын жасау және сұралған кезде құпия сөздерді енгізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: ескереді. 5. Кейбір өнімдер үшін DriveLock енгізу сұралуы мүмкін. Өріс пернетақта регистрін Computer Setup құралынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және шығу) опциясын таңдап, Yes (Иә) опциясын таңдаңыз. DriveLock ажырату (тек таңдаулы үлгілерде) 1.
DriveLock құпия сөзін өзгерту (тек таңдаулы үлгілерде) Computer Setup құралында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Қуат түймесін басыңыз. 3. DriveLock құпия сөзі сұралған кезде ағымдағы DriveLock пайдаланушы құпия сөзін немесе өзгертілетін негізгі құпия сөзді енгізіңіз, enter пернесін басып, Computer Setup құралына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 4.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады. Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Біріктірілген саусақ ізін оқу құрылғылары таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құралын пайдалану үшін, саусақ ізін HP Client Security бағдарламасының Credential Manager құралында тіркеу қажет. HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз. Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі кеңестерін орындаңыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: — Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. — Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз. — Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. — Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
9 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға және қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР және Windows құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді оның дұрыс жұмыс күйіне оңай келтіруге көмектеседі.
Нұсқаулар ● Қалпына келтіру медиасын жасау немесе сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (бөлек сатылады) пайдаланыңыз: DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер қолданыстағы оптикалық диск түріне байланысты болады. ● Қалпына келтіру медиасын жасамас немесе сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз.
дискілерін (тек таңдаулы өнімдерде) жасау қажет. Алғашқы және кейінгі сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қосымша сыртқы қатты дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық көшірмесін жасауыңызға болады. Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу әрі бұрын жасалған жүйені жөндеу медиасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасын сатып алып компьютерді қайта жүктеу және амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы (49-бет) бөлімін қараңыз.
4. Восстановление запуска (Басталғанда қалпына келтіру) пәрменін таңдаңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, Пуск (Пуск) > Справка и Поддержка (Анықтама және қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз. f11 қалпына келтіру құралдары (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз. 3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. 6. Восстановить компьютер (Компьютерді жөндеу) құсбелгісін қойыңыз. 7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Computer Setup (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS нұсқасын анықтаңыз. BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) және System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn +esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады. 1.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз. BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні таңдаңыз.
Computer Setup утилитасында TPM параметрлеріне қол жеткізу үшін 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау (51-бет) бөлімін қараңыз. 2. Security (Қауіпсіздік) тармағын, одан кейін TPM Embedded Security (ТРМ енгізілген қауіпсіздігі) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP компаниясы әркім, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар тарапынан, не жеке не сәйкес көмекші құрылғылар арқылы пайдаланыла алатын өнімдерді құрады, өндіреді және сатады. Қолдау көрсетілетін сыналды технологиялары HP өнімдері амалдық жүйе сыналды технологиялары түрлі қолдау және қосымша сыналды технологиялары жұмыс конфигурациялауға болады. Сыналды мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының Іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс А ағымдағы қоңырауды аяқтайды, анықтау 10 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 23 ақпарат алу аппараттық құрал 3 бағдарламалық құрал 3 астыңғы жағы 13 аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс (микрофон) комбо ұясы, анықтау 5 Ә әкімші құпия сөзі 32 әрекеттер пернелері ағымдағы қоңырауды аяқтайды 10 күнтізбені ашады 10 кіріс қоңырауға жауап береді 10 кіріс қоңырауды қабылдамайды 10 қоңырауды бастайды 10 микрофон үнзісдендірілген 10 экран кескінін ауыстырып қосу 11 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңар
Дискіні дефрагментациялау құралы 41 Дискіні тазалау 41 кіріс қоңырауға жауап береді, анықтау 10 кіріс қоңырауды қабылдамайды, анықтау 10 кірістірілген веб-камераның инфрақызыл (ИҚ) шамы, анықтау 6 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 6 Қ қалпына келтіру, жүйе 47 қалпына келтіру бөлімі 49 қалпына келтіру құралдары 45 қалпына келтіру құралдары, Windows 48 қалпына келтіру медиасы, бастапқы қалпына келтіру үшін пайдалану 49 қалпына келтіру медиасы, жасау 46 қатты диск жетегін қалпына келтіру 49 қатты дискіні
Т техникалық деректер сымсыз куәландыру белгілері 13 техникалық деректер жапсырмасы 13 техникалық сипаттама жапсырмалары, табу 12 тұтынылатын қуат 58 түймешіктер қуат 9, 25 Ұ Ұйқылық күй қосу 26 шығу 26 ұялар аудио-шығыс (құлақаспап)/ aудио кіріс (микрофон) комбо 5 І ішкі микрофондар, анықтау E esc пернесі, анықтау 10 F f11 қалпына келтіру 49 fn пернесі, анықтау 10 G GPS 8 6 Э экран кескіні, ауыстырып қосу 11 электростатикалық разряд 59 B BIOS жаңарту 52 C caps lock шамы, анықтау 9 Computer Setup BIOS