User Guide - Windows 7
1 Алғашқы жұмыс
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша
ақпаратты Желіге қосылу (14-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты Қауіпсіздік (31-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, Бөліктер (3-бет) және Экранда шолу (19-бет) бөлімдерін қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз. Компьютермен
жеткізілетін бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақпаратты бағдарламалық
құралдың өндірушісі берген нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге
берілуі немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты дискінің
сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (45-бет) бөлімін
қараңыз.
Ақпаратты табу
Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін
пайдаланыңыз. Толық өнім ақпаратын, орындау әрекеттерін және қосымша ақпаратты қамтамасыз
ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат
Параметрлерді орнату нұсқаулары постері
●
Компьютерді орнату туралы
●
Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек
HP Support Assistant
НР Анықтама және қолдау орталығын ашу үшін, Пуск
(Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және
қолдау) тармағын таңдаңыз.
Өніміңіз үшін пайдаланушы нұсқаулары мен
нұсқаулықтарын ашу үшін http://www.hp.com/support
веб-торабына кіріңіз. Найдите свое устройство
(Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдаңыз,
одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Бағдарламалық құрал, драйвер және BIOS жаңартулары
●
Ақаулықтарды жою құралдары
●
Қолдау қызметіне қол жеткізу
Дүниежүзілік қолдау
Қажет тілде қолдауды алу үшін, http://www.hp.com/
support сілтемесін басып, еліңізді таңдаңыз.
●
HP маманымен желіде сөйлесу
●
Қолдау қызметінің телефон нөмірлері
●
HP қызмет көрсету орталығының мекенжайлары
Ақпаратты табу 1










