User Guide - Windows 7
Шамдар
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат шамы
●
Қосулы: компьютер қосулы.
●
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу
күйі.
(2) Қоңырауға жауап беру шамы
●
Жасыл түсте жыпылықтау: Кіріс қоңырау анықталды.
●
Жасыл: Кіріс қоңырау қабылданды.
(3) Қоңырауды қабылдамау/аяқтау шамы
●
Қызыл түсте жыпылықтау: Кіріс қоңырау анықталды.
●
Қызыл: Кіріс қоңырау қабылданбады немесе аяқталды.
(4) Микрофон дыбысын өшіру шамы
●
Сары: Микрофон дыбысы өшірулі.
●
Өшірулі: Микрофон дыбысы қосулы.
(5) Дыбысты өшіру шамы
●
Сары: компьютер дыбысы өшірулі.
●
Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы.
(6) Сымсыз байланыс шамы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/
немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы
қосулы.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар
өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен
жанып тұрады.
8 2-тарау Бөліктер










