User Guide - Windows 7
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f8 пернелер
тіркесімін басыңыз.
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f8 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру және даралау)
тармақтарын таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения (Ажыратымдылықты теңшеу)
параметрін таңдаңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылатын дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi)
анықтау үшін, теледидармен немесе қосымша дисплеймен бірге берілетін құжаттарды қараңыз.
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
▲
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация
(Безендіру және даралау) > Дисплей> Подключение к внешнему дисплею (Сыртқы дисплейге
қосылу) тармақтарын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану 23










