User Guide - Windows 7
12 Техникалық сипаттамасы
Тұтынылатын қуат
Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат
туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін.
Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді.
Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток
көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған
айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Компьютерді төмендегі техникалық параметрлер ішінде тұрақты ток қуат көзі арқылы қуатпен
қамтамасыз етуге болады. Құрылғының кернеуі мен тогы туралы ақпаратты нормативтік
жапсырмадан табуға болады.
Тұтынылатын қуат Мөлшер
Жұмыс кернеуі және тогы 3 A – 45 Вт қуатында тұрақты ток – 12 В
ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан
аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
Жұмыс ортасы
Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер
жүйесі
Температура
Пайдалануға болатын (оптикалық
дискіге жазу кезінде)
5 - 35°C 41 - 95°F
Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында
Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын)
Пайдалануға болатын 10 –90% 10 –90%
Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95%
Ең жоғары биіктік (қысымсыз)
Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында
Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында
58 12-тарау Техникалық сипаттамасы










