Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP EliteOne 800 G3 23 дюймдік көп функциялы бизнес компьютер
© Copyright 2017 HP Development Company, L.P. Windows – Microsoft корпорациясының АҚШ және/немесе басқа елдердегі сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешнәрсе қосымша кепілдік деп түсіндірілмеуі тиіс.
Осы кітап туралы Бұл нұсқаулық осы компьютер үлгісін жаңарту туралы негізгі ақпаратты қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТПЕ: Осылай жіберілген мәтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ...................................................................................................................................... 1 Шолу ...................................................................................................................................................................... 1 Алдыңғы жағындағы бөліктер .......................................................................................................................... 1 Жоғарғы бөліктер ...
Веб-камера ......................................................................................................................................................... 21 Веб-камераны пайдалану .............................................................................................................. 21 Windows Hello орнату ...................................................................................................................... 21 Қосымша сымсыз пернетақта мен тінтуірді синхрондау .............
1 Өнім мүмкіндіктері Шолу ЕСКЕРТПЕ: Осы өнімдегі соңғы нұсқаулықтарды алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бұл өнімде реттеуші белгіні немесе мәлімдемені көрсету үшін электрондық жапсырмалар қолданылады. Көрсету әрекеті бойынша Жапсырмалар (5-бет) қараңыз.
Бөлік 1 Веб-камера 2 Үндеткіштер (қосымша) Жоғарғы бөліктер Инфрақызыл (ИҚ) веб-камера (қосымша) Бөлік Бөлік Алдыңғы көрініс 1 Веб-камера шамы 4 ИҚ веб-камера 2 ИҚ шамы 5 Артқы веб-камераны реттеу дөңгелегі 3 FHD веб-камера 8 FHD веб-камера Жоғарғы көрініс 6 Сандық микрофондар Артқы көрініс 7 Веб-камера шамы FHD веб-камера (қосымша) Бөлік Алдыңғы көрініс 1 Веб-камера шамы 2 FHD веб-камера Жоғарғы көрініс 3 2 Сандық микрофондар 1-тарау Өнім мүмкіндіктері
Бүйірлік бөліктер Бөлік Бөлік 1 Оптикалық диск жетегі (қосымша) 4 Құлақаспап ұясы 2 Оптикалық дискіні шығару түймесі (қосымша) 5 Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек сенсорлық үлгілерде) 3 Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) тізбекті ұяшығы Артқы құрамдас бөліктер Бөлік Бөлік 1 DisplayPort 5 RJ-45 (желі) ұясы 2 HDMI порты 6 USB 3.
Бөлік Бөлік 3 USB 3.1 Type-A порттары (2) 7 Стерео аудио шығыс ұясы 4 Қуат қосқышы 8 Қауіпсіздік кабелінің ұясы Астыңғы құрамдас бөліктер Бөлік Бөлік 1 USB 3.1 A порты 4 USB 3.1 Type-C порты 2 USB 3.1 Type-A (зарядтау) порты 5 Қатты драйвер жұмыс шамы 3 SD картасын оқу құралы (қосымша) 6 Қуат түймешігі Пернетақта мүмкіндіктері Пернетақта мен тінтуір өзгеше болуы мүмкін.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған барлық жапсырмалар тұғырдың астында болады немесе компьютердің астына бекітіледі. 1. Microsoft® аутентификация қуәлігі жапсырмасы (Windows 8 нұсқасынан бұрын шыққан таңдаулы үлгілерде) – Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Windows 8 немесе Windows 8.
Бөлік 3. 6 (2) Өнім нөмірі (3) Кепілдік күшінің мерзімі Сериялық нөмір жапсырмасы.
2 Орнату Шолу Компьютерді төмендегі тәртіппен орнату: ● Тұғырды тіркеңіз. Тұғырды орнату және алу (7-бет) бөлімін қараңыз. Немесе Компьютерді орнықтыру бекітпесіне орнатыңыз. Компьютерді ілу құрылғысын бекіту (11-бет) бөлімін қараңыз. ● Сыртқы құрылғылар және қуат кабельдерін жалғаңыз. Кабельдерді жалғау және ажырату (12-бет) бөлімін қараңыз. ● Қажет болса, қосымша дисплейді жалғаңыз. Дисплейді қосу (12-бет) бөлімін қараңыз. ● Артқы порт қақпағын орнатыңыз және бекітіңіз.
3. Компьютердегі тұғырды төмендетіп, орнына (2) бекітілмейінше төмен қарай басыңыз. Жатқызылатын тұғырды алу Тұғырды шешу: 8 1. Компьютерден барлық алынатын оптикалық диск немесе USB флэш жетектерін алып тастаңыз. 2. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 3. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. 4. Компьютерді жұмсақ және жазық беткейге бетін төмен қаратып орналастырыңыз.
Биіктігі реттелетін тұғырды тіркеу және алып тастау Биіктігі реттелетін тұғырды тіркеу Тұғырды орнату: 1. Компьютерді жұмсақ және жазық беткейге бетін төмен қаратып орналастырыңыз. HP жақтауы мен экранды сызып немесе басқаша бүлдіріп алмас үшін, жұмсақ мата немесе сүлгі салуға кеңес береді. 2. Ілмектерді компьютердің (1) артындағы жоғарғы бөлікте орналасқан екі үлкен тесіктегі тұғырдың жоғарғы жағына бекітіңіз. 3. Компьютердегі (2) тұғырды төмендетіп, орнына (3) бекітілмейінше төмен қарай басыңыз.
7. 10 Тұғырды (2) жоғары көтеріп, содан кейін тұғырдың ілмектерін компьютерден (3) тартып алыңыз.
Компьютерді ілу құрылғысын бекіту Компьютерді қабырғаға, тербелмелі ілгіге немесе басқа орнату құрылғысына орнатуға болады. ЕСКЕРТПЕ: етіледі. Бұл құрылығы UL немесе CSA тізімдеген қабырғаға бекіту кронштейн арқылы қамтамасыз 1. VESA саңылауындағы берілген VESA кесу табақшаларын орнына бекітілмейінше басыңыз. 2. Компьютерді бұралмалы ілгішке (бөлек сатылады) бекіту үшін компьютермен берілген төрт 20 мм бұранданы бұралмалы ілгіш тақтасындағы тесіктер арқылы компьютердің орнату тесіктеріне салыңыз.
Компьютерді басқа орнату құрылғысына бекіту үшін және компьютерді мықтап бекіткеніңізге көз жеткізу үшін орнату құрылғыларымен берілген нұсқауларды орындаңыз. Кабельдерді жалғау және ажырату Кабельдерді жалғау 1. Компьютерді жұмсақ және жазық беткейге бетін төмен қаратып орналастырыңыз. HP жақтауы мен экранды сызып немесе басқаша бүлдіріп алмас үшін жұмсақ мата немесе сүлгі салуға кеңес береді. 2. Егер артқы порттың қақпағы орнатылған болса, қақпақты алып тастаңыз.
— DisplayPort қосқышына тізбекті түрде жалғанған барлық төрт дисплей — DisplayPort қосқышына тізбекті түрде жалғанған үш дисплей және HDMI портына жалғанған бір дисплей Егер DisplayPort немесе HDMI қосқышы бар дисплейді қоссаңыз, бейне адаптер қажет болмайды. Егер DisplayPort немесе HDMI қосқышы жоқ дисплейді қоссаңыз, конфигурация үшін бейне адаптерін HP компаниясынан сатып алуға болады. DisplayPort aдаптерлерін, HDMI адаптерлерін және бейне кабельдерді бөлек сатып алуға болады.
Артқы порт қақпағын алу және орнату Артқы порт қақпағын алу 1. Компьютерді жұмсақ және жазық беткейге бетін төмен қаратып орналастырыңыз. HP жақтауы мен экранды сызып немесе басқаша бүлдіріп алмас үшін жұмсақ мата немесе сүлгі салуға кеңес береді. 2. Егер қауіпсіздік құлпының бұрандалары бекітілген болса, екі бұранданы шешу үшін T15 бұзуға қарсы Torx қауіпсіздік бұрауышын пайдаланыңыз (1). 3. Порт қақпағын босату үшін артқы порт қақпағын ұстап тұратын қойыншаларын бір-біріне қарай сырғытыңыз (2). 4.
5. Артқы порт қақпағын бекітіп, ішкі бөліктері мен порттарды қорғауға болады. Екі қауіпсіздік құлпының бұрандасын шассиге бұрау үшін T15 бұзуға қарсы Torx бұрауышын пайдаланыңыз (3). Компьютерді орналастыру Осы компьютер еңкейтілетін тұғырмен немесе биіктігі реттелетін тұғырмен жеткізілуі мүмкін. ● Еңкейтілетін тұғырды реттеу ● Биіктігі реттелетін тұғырды реттеу Еңкейтілетін тұғырды реттеу ЕСКЕРТУ: Кабель құлпы орнатылған болса, компьютерді жатқызу кезінде абай болыңыз.
2. Компьютердің түбінде төмен қарай басып, тиісті еңісті реттеңіз. Компьютерді тік күйінен жатқызылған күйіне қою үшін: 1. Компьютердің астын үстіңгі жағымен теңескенше көтеріңіз. 2. Компьютердің асты мен үстінен ұстап, компьютер қажетті орынға келмейінше басыңыз. Биіктігі реттелетін тұғырды реттеу ЕСКЕРТУ: Кабель құлпы орнатылған болса, компьютерді бұру немесе жатқызу кезінде абай болыңыз. Кабель немесе құлып бұруға немесе жатқызу бұрышына кедергі болуы мүмкін.
Компьютер биіктігін өзгерту үшін компьютердің екі жағынан ұстаңыз немесе тиісті биіктікке дейін түсіріңіз. Компьютерді жатқызу үшін: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Кітаптық режимде кабель құлпы орнатылған болса, жатқызу шектеледі. 1. Тұғырды үстелдің жиегіне жақын шылжытыңыз. 2. Компьютердің екі жағынан ұстап, оны қажетті күйге дейін төмендетіңіз. 3. Компьютердің асты мен үстінен ұстап, оны қажетті күйге дейін еңкейтіңіз.
2. Компьютердің жоғарғы оң және төменді сол жағынан ұстап, төменгі сол жақ бұрышын компьютер кітаптық көрініске келтірілмейінше төмендетіңіз. Кітаптық көріністен альбомдық көрініске өзгерту үшін: 1. Саңылау қалдыру үшін компьютерді ең жоғарғы орынға көтеріңіз. 2. Компьютердің жоғарғы сол және төменді оң жағынан ұстап, төменгі оң жақ бұрышын компьютер альбомдық көрініске келтірілмейінше төмендетіңіз.
Компьютерді орналастыру 19
Қауіпсіздік кабелін орнату Қауіпсіздік кабелі – сымды кабель тіркелген кілтті құлыптау құрылғысы. Кабельдің бір ұшы үстелге (немесе басқа бір тұрақты затқа) бекітіледі, ал екінші ұшы компьютердегі қауіпсіздік кабеліне тіркеледі. Қауіпсіздік кабелін кілтпен бекітіңіз. ЕСКЕРТУ: Егер қауіпсіздік кабелі орнатылса, компьютер еңкейтуін, бұруын немесе биіктігін реттеген кезде сақ болыңыз. Кабель немесе құлып реттеуге кедергі келтіруі мүмкін. Қуа көзіне қосу және ажырату Қуат көзіне қосу 20 1.
Қуат көзінен ажырату 1. Компьютерден барлық алынатын оптикалық диск немесе USB флэш жетектерін алып тастаңыз. 2. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 3. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
1. 2.
3. 4. ЕСКЕРТПЕ: Тінтуір мен пернетақта әлі жұмыс істемесе, батареяларды алып, ауыстырыңыз. Тінтуір мен пернетақта әлі синхрондалмаған болса, пернетақта мен тіртуірді қайта синхрондаңыз.
3 Жабдықтарды жөндеу және жаңарту Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоғы соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нәтижесінде болатын жеке жарақаттар қаупінің алдын алу үшін: Корпусын алып тастамас бұрын қуат сымын айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз. Қуатталған бөліктері ішінде. Ішкі жүйе бөліктерін ұстамас бұрын олардың салқындауын күтіңіз.
Қосымша сымсыз пернетақта немесе тінтуірден батареяларын алу ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз пернетақта мен тінтуір қосымша бөлшектер болып табылады. Сымсыз пернетақтадан батареяны алу үшін пернетақтаның астындағы батарея ұясының қақпағын ашыңыз (1) және ұяшықтағы батареяны алып шығыңыз (2). Сымсыз тінтуірден батареяны алу үшін тінтуірдің астындағы батарея ұясының қақпағын ашыңыз (1) және ұяшықтағы батареяны алып шығыңыз (2).
1. Компьютерден барлық алынатын оптикалық диск немесе USB флэш жетектерін алып тастаңыз. 2. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 3. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек.
2. Тұғырды қайта орнатыңыз. Тұғырды орнату және алу (7-бет) бөлімін қараңыз. 3. Барлық кабельдерді компьютерге қайта жалғаңыз. Кабельдерді жалғау (12-бет) бөлімін қараңыз. 4. Артқы порт қақпағын қайта орнатыңыз. Артқы порт қақпағын орнату (14-бет) бөлімін қараңыз. 5. Кіру панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құрылғыларын қайта құлыптаңыз. 6. Компьютерді тігінен қойыңыз. 7. Қуат сымын айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
Бөлік Бөлік 1 Жад модульдері 3 Оптикалық диск жетегі (қосымша) 2 RTC батареясы 4 Қатты диск Жадты алу және орнату Жүйелік тақтадағы жад ұяларын ең көп екі салалық стандартты SO-DIMM модулімен толтыруға болады. Осы жад ұялары кем дегенде бір алдын ала орнатылған жад модулімен толтырылады.
Жүйе жад модульдерінің орнатылуына қарай бір арналы, қос арналы режимде немесе икемді режимде автоматты түрде жұмыс істейді. ● Егер жад модулінің ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді. ● Егер А арнасындағы жад модулінің толық сыйымдылығы В арнасындағы жад модулінің толық сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау режимінде жұмыс істейді.
4. Жаңа жад модулін шамамен 30° бұрышта ұяға сырғытыңыз (1) және ысырмалар оны орнына түсіргенше жад модулін басыңыз (2). ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдегі кетікті жад ұясындағы қойыншамен сәйкестендіріңіз. 5. Кіру панелін қайта орнатыңыз. Нұсқауларды Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру (26-бет) атты бөлімнен қараңыз. 6. Компьютерді қосыңыз. Компьютерді қосқан кезде, ол қосымша жадты автоматты түрде оқиды.
Жүйелік тақтадағы батареяны табу үшін Ішкі бөліктерін табу (27-бет) қараңыз. 1. Алынбалы панелін алу Нұсқауларды Компьютердің алынбалы панелін алу (25-бет) атты бөлімнен қараңыз. 2. Батареяны ұяшығынан босату үшін батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты қысыңыз. Батарея шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (1). 3. Жаңа батарея салу үшін ауыстыратын батареяның бір жақ шетін жағымды жағын жоғары қаратып, ұяшықтың шетінен сырғытып салыңыз.
3. Қатты дискіні компьютер жиегіне қарай сырғытыңыз және қатты дискіні диск ұясынан көтеріп шығарыңыз (2). 4. 2,5 дюймдік қатты дискіден төрт бекіту бұрандасын алып тастаңыз. Бұрандаларды ауыстырылатын жетекті бекітуге қайта қолдану үшін резеңке төлкесінен айырмаңыз. Қатты дискіні орнату нұсқауларын алу үшін 2,5 дюймдік қатты диск жетегін орнату (32-бет) бөлімін қараңыз. 2,5 дюймдік қатты диск жетегін орнату 1. 32 Төрт бекіту бұрандасын төлкелермен жаңа 2,5 дюймдік қатты дискіге бекітіңіз.
2. Қатты дискіні қосқыштарын компьютер ортасына қатарып, диск ұясының үстіне орналастырыңыз. 3. Қатты дискіні диск ұясына орналастырыңыз және қатты диск орнына түскенше оны компьютер ортасына қарай қатты сырғытыңыз. Қатты диск ысырмасының қатты диск бүйіріндегі төлкені жабу үшін орнына қайта жылжығанына көз жеткізіңіз. 4. Кіру панелін орнатыңыз. Нұсқауларды Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру (26-бет) атты бөлімнен қараңыз.
1. Алынбалы панелін алу Нұсқауларды Компьютердің алынбалы панелін алу (25-бет) атты бөлімнен қараңыз. 2. Қатты дискіні шығарып алыңыз. Нұсқаулар бойынша Қатты дискіні алу (31-бет) қараңыз. 3. Оптикалық диск жетегі корпусының артындағы жасыл ысырманы басқан кезде (1) жасыл қойыншаны басып тұрыңыз (2) және дискіні (3) шассиден сырғытып шығарыңыз. 4. Жасыл ысырманы оптикалық диск жетегінен тартып шығарыңыз. Жаңа оптикалық диск жетегіне орнату үшін бұл ысырмасын ұстаңыз. 5.
6. Жаңа оптикалық диск драйвын компьютердің бүйіріндегі саңылаумен қатарластырыңыз. Жетекті орнына түскенше итеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: 7. Оптикалық диск драйвын бір жолмен ғана орнатуға болады. Қатты дискіні ауыстырыңыз. Нұсқауларды алу үшін 2,5 дюймдік қатты диск жетегін орнату (32-бет) қараңыз. 8. Қатынас тақтасын орнына салыңыз. Нұсқауларды Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру (26-бет) атты бөлімнен қараңыз.
а Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау және тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
ә Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Оптикалық драйв сақтандырулары Жұмыс кезінде немесе оптикалық драйвты тазалғанда келесі нұсқаулықтарды міндетті түрде орындаңыз. ● Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нәтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін. ● Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, әйтпесе құрылғы ішінде ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз. Егер құрылғыны бірден қолдансаңыз, оқу барысында ақаулық пайда болуы мүмкін.
б Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс А ажырату кабельдер 13 қуат сымы 13 айналдырып бұру 16 алдыңғы жағындағы бөліктер 1 алу 2,5 дюймдік қатты диск 31 батарея 30 жад 29 оптикалық диск драйвы 33 алынбалы тақта алу 25 орнына салу 26 артқы құрамдас бөліктер 3 артқы порт қақпағы 14 алу 14 орнату 14 астыңғы құрамдас бөліктер 4 Б батарея ауыстыру 30 биіктігі реттелетін тұғыр алу 9 реттеу 16 тіркеу 9 бүйірлік бөліктер 3 9 В веб-камера 21 FHD 2 ИҚ 2 Инфрақызыл 2 пайдалану 21 Сәлем, Windows 21 Толық жоғары айқындық 2 Д дисплей қосылымы 12 драй
қызметтері пернетақта шолу 1 4 О оптикалық диск драйвы орнына салу 33 сақтандырулары 38 орнату 2,5 дюймдік қатты диск жетегі 32 батарея 30 дисплей 12 жад 29 оптикалық диск драйвы 33 Орнату нұсқаулықтары 24 орнату реті 7 Ө өнім аты және нөмірі, компьютер 5 П пернетақта батареяларын алу 25 қызметтері 4 сымсыз 21 порт қақпағы 14 алу 14 орнату 14 І ішкі бөліктер 27 Э элекростатикалық тоқ, зақымның алдын алу 36 электрондық жапсырма 1 D DisplayPort бейне адаптері, жалғау 12 F FHD веб-камера құрамдас бөліктер