Equipment reference manual

Жүйе жад модульдерінің орнатылуына қарай бір арналы, қос арналы режимде немесе икемді
режимде автоматты түрде жұмыс істейді.
Егер жад модулінің ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс
істейді.
Егер А арнасындағы жад модулінің толық сыйымдылығы В арнасындағы жад модулінің толық
сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау режимінде жұмыс істейді.
Егер А арнасындағы жад модулінің сыйымдылығы В арнасындағы жад модулінің
сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз
жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға
тағайындалған қалдықты сипаттайды
. Егер бір арнаның жады екінші арнаның жадынан артық
болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс.
Кез келген режимде ең жоғарғы жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу жад модулі арқылы
анықталады.
Жад модульдерін орнату
Жүйелік тақтада екі жад ұясы бар. Жад модульдарын алу немесе орнату үшін:
1. Алынбалы панелін алу
Нұсқауларды Компьютердің алынбалы панелін алу (25-бет) атты бөлімнен қараңыз.
2. Жүйелік тақтадағы жад модульдерін табу үшін Ішкі бөліктерін табу (27-бет) қараңыз.
3. Жад модулін алып тастау үшін жад модулінің әрбір жағындағы екі ысырманы сыртқа қарай
басып (1), жад модулін ұядан тартып шығарыңыз (2).
Жадты алу және орнату 29