User's Guide
Оң жақ
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад карталарын оқу құрылғысына енгізіп,
нық отырғанша, үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
▲ Картаны басып, оны жад карталарын оқу
құрылғысынан алып тастаңыз.
(2) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB SuperSpeed порты
USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және компьютер өшірулі
болса да, ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе
смарт сағат сияқты өнімдерді зарядтайды.
(3) Айнымалы ток адаптері мен батарея
индикаторы
● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы.
● Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
● Өшірулі: батарея зарядталмайды.
(4) Қуат ұясы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Оң жақ 5










