User's Guide

Дисплей
Low Blue Light (Көк түсті жарықты сүзгілеу) режимі (тек таңдаулы өнімдерде)
Көз жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін зауыттан жеткізілетін компьютерде көк түсті жарықты сүзгілеу
режимі қосылған. Сонымен қатар түнгі уақытта компьютерді пайдалану немесе компьютер экранынан
оқу кезінде көк түсті жарықты сүзгілеу режимінің көмегімен көк түсті жарықтың шығарылу деңгейі
автоматты түрде реттеледі.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау
нұсқаулығын оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін жұмыс орнын реттеу және дұрыс
ұйымдастыру жолдары, денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері
сипатталады. Бұл Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығында маңызды электр және
механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік ережелері де беріледі.
Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын http://www.hp.com/ergo веб-бетінде қарауға
болады.
Кесте 2-3 Дисплей бөліктері және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін
сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
(2) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады.
(3) Камера Бейнечат жүргізу, бейне жазу және фотосуреттерді жазу
мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны
пайдалану (23-бет) бөлімін қараңыз. Кейбір камераларда
құпия сөз орнына бет әлпетін тануды пайдаланып, Windows
операциялық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. Қосымша
ақпаратты Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы
өнімдерде) (46-бет) бөлімінен қараңыз.
Дисплей 7