User's Guide
Арнайы пернелер
Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде, жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылған кезде, белгілі бір
функцияларды орындайды.
(3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау)
мәзірі жабылады.
(4) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйе функцияларын f1 мен f12
арасындағы функциялық пернелердің үстіндегі белгіше
белгілері көрсеткендей орындаңыз. Функциялық пернелер
компьютерге байланысты өзгеше болады. Әрекет пернелері
(14-бет) бөлімін қараңыз.
(5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
өнімдерде)
Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып, Windows
операциялық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
▲ Саусақ ізін оқу құрылғысын саусағыңызбен түртіңіз.
Толық ақпаратты Windows Hello мүмкіндігін пайдалану
(тек таңдаулы өнімдерде) (46-бет) бөлімінен
қараңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Саусақ ізі көмегімен кіру кезінде
орын алуы мүмкін мәселелердің алдын алу үшін
саусағыңыздың ізін тіркегенде, саусақ ізін оқу
құрылғысы саусағыңызды барлық жағынан тіркегеніне
көз жеткізіңіз.
(6) Камераның құпиялылық пернесі Камераны өшіреді және қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпаратты Камераны пайдалану
(23-бет) бөлімінен қараңыз.
(7) Қуат түймесі ● Компьютер өшірулі болғанда, оны қосу үшін түймені
басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймені тез басып қалыңыз.
Пернетақта аумағы 13










